Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚ ТАЗАЛАҒАН ЖЕРДЕ ЕМЕС, ТАЗА ҰСТАҒАН ЖЕРДЕ БОЛАДЫ

Өткен сейсенбі күні аудан әкімдігінде аппараттық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырысты аудан әкімі Олжас Баққараев ашып, жүргізіп отырды. Онда алдымен Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық-жалпыұлттық акциясы аясында өз округтерінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы Көптерек және Ынтымақ ауылдық округтерінің әкімдері Самат Кусемисов пен Бауыржан Жұматаев есеп берді.
-Ауданымызда Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы аясында және көктемгі және күзгі санитарлық тазалықтың 2 айлығында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Осы акция аясында ауылымыздағы 13 көше арасында «Таза көше» байқауы ұйымдастырылды. Ал мұны ауыл тұрғындары қолдап, әр көше азаматтары өз көшелерінің  таза әрі көрікті болуына мол үлес қосып отыр. Нәтижесінде өткен жылы Жамбыл облысы бойынша аталған акция аясында «Үлгілі ауыл» номинациясын жеңіп алып, 50 миллион теңгені иелендік. Аталған қаржы ауылымыздың көркейіп, абаттандырылуына жұмсалды. Ал өзіміз ұйымдастырған көшелер арасындағы байқаудың жеңімпаздарына демеушілер тарапынан сыйлықтар табысталды. Мұндай тазалық жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасын таба беретін болады, - деді Кеңес ауылының әкімі Самат Парымбекұлы.
- Қазақта «Ауылына қарап, азаматын таны» деген жақсы сөз бар. Сондықтанда ауыл тұрғындары ауылымыздың таза да, көрікті, әсем безендірілуіне мол үлес қосып отырады.
Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы аясында, ауылымызда көптеген жұмыстар атқарылды. Ауылдағы «Даңқ кешені», «Ардагерлер аллеясы», «Механизаторлар аллеясы» тазартылып, ауылға кіреберістегі егілген тал-дарақтар ерекше күтімге алынған. Көктемгі тазалықтың екі айлығына 295 адам тартылып, 100-ден аса талдар бұталды, жол бойындағы 100 дана электр бағаналары мен тал түптері ақталды, аллеялар қоршауы сырланды. Міне осындай жұмыстарды күзгі тазалық айлығында да қолға алдық. «Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде болады» дегенді ауыл халқы жақсы біледі. Сондықтанда әркім өз ауласы, өз көшесін таза ұстауға дағдыланған. Үйден шыққан қатты қалдықтарын тиісті орындарға шығару жақсы қалыптасқан, - деді өз есебінде Мәдімар ауылының әкімі Бауыржан Алмаханұлы.


Бұдан соң Сарыкемер ауылындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы округ әкімі Еркін Заурбековтің есебі тыңдалды.
Есеп беруші әкімдерді мұқият тыңдаған аудан әкімі Олжас Елебекұлы ауданымыздағы тазалық жұмыстарына басымдық бере отырып, барлық елдімекендерде «Таза көше» байқауын ұйымдастыруды тапсырды. Ауыл халқының сенбіліктерге шығып, тазалықпен айналысуы қажеттігін атап өтті. Аудан оратылығы болған соң Сарыкемер ауылына қарап ауданға баға берілетінін ескертті. Сондықтанда аудан орталығындағы жұмысты жандандыру, орталық көше бойына сәндік ағаштар отырғызу, саябақтағы талдарды ретке келтіру, көше жарықтарының уақытылы жануы, күл-қоқыстың сыртқа дер кезінде шығарылуы туралы тапсырмалар берілді.
Кеңес отырысында аудандық электр жүйесін тарату мекемесінің басшысы Алтынбек Жамишжанов пен «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы Жамбыл өндірістік филиалының Байзақ Газ шаруашылығының басшысы Рүстем Құспеков өздеріне қарасты мекемедегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кеңеске қатысушылар тарапынан екі мекеме басшысына да бірнеше сұрақтар қойылып, оған жауап берілді.
Аудан әкімі Олжас Баққараев алда қыс мезгілінің жақындап келе жатқанын еске салып, аталған науқанға барлық мекемелердің тас түйін дайындықпен келулерін ескертті. Халыққа алдымен ауыз су, электр жарығы, газдың алғашқы кезекте керектігін айта келіп, екі мекеме басшысына трансформаторларды қоршау, тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру, қысымы төмен учаскелерде газ жүйесін қалыпқа келтіру, жаңа тұрғын үй алқаптарын жарық және газбен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Отырыста басқада өзекті деген мәселелер қаралып, тиісті сала орынбасарлары мен бөлім басшыларына және ауыл, ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 19.09.2025 12:00
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1515
mod_vvisit_counterКеше6400
mod_vvisit_counterОсы аптада1515
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда37958
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4295216

Серіктестер