|

«Amanat» партиясы аудандық филиалы ғимаратында филиалдың кезектен тыс LVI конференциясы болып өтті. Конференция мемлекеттік Гимнмен басталды. Конференцияны филиал төрағасы Индира Спаналиева ашып, жүргізіп отырды. Алқалы жиынға аудандық филиал саяси кеңесінің мүшесі Өсер Нұрбаев және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі
цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы және "Amanat" партиясы Жамбыл облыстық филиалының XXXVI конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды. Конференцияда партияның аудандық филиалының төрағасы И.Спаналиева ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы баяндап, партияның "Жер аманаты", "Қарызсыз қоғам" жобалары бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. -«Amanat» партиясының басты міндеті – Мемлекет басшысы реформаларының қозғаушы күші болу, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету. Президент бастамаларын қолдау – бұл біздің басты таңдауымыз,-деп қорытындылады өз баяндамасын Индира Әбілханқызы. Конференцияның екінші мәселесі бойынша "Amanat" партиясы Жамбыл облыстық филиалының XXXVI конференциясына ауданымыздан 15 делегат сайланды.
Мадина ЕРКІНҚЫЗЫ.
|
|
Обновлено 19.09.2025 11:58 |