Онлайн газет



САЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексін түсіндіруге арналған семинар болды.
Семинарға Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бірнеше өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер, салық төлеушілер мен кәсіпкерлер палатасы, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары, Байзақ аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының жауапты мамандары қатысты.
-Биылғы жылдың 18 шілдесі күні жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Бұл Кодекс 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап

заңды күшіне енеді. Бүгінгі семинардың басты мақсаты-салық саласында енгізілген жаңа өзгерістерді жан-жақты түсіндіру, практикалық қолдану мәселелерін талқылау және туындаған сұрақтарға жауап беру.
Салық жүйесіндегі жаңашылдықтар-еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті қолдауға және мемлекеттік бюджетке түсетін кірістерді тиімді басқаруға бағытталған маңызды қадам. Осы орайда әрбір салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат беру біздің басты міндетіміз.
Семинар барысында берілген ақпарат сіздердің күнделікті жұмыстарыңызға нақты пайдасын тигізіп, туындайтын мәселелерді шешуге көмектеседі деп сенеміз,-деді семинар жұмысын ашқан аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев.

 


Алғашқы сөзді алған Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ерлан Нұрмаханбетов Салық кодексіне енгізілген маңызды өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, практикалық маңызы зор ақпараттарды ұсынды. Салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттеріне байланысты нақты мысалдар келтіріліп отырды. Салық саласындағы жаңа нормалар егжей-тегжейлі түсіндіріліп, салық төлеудің тәртібін жетілдіру, электронды қызметтерді пайдалану, әкімшілендіру жүйесін жеңілдету тәрізді тақырыптарда қозғалды.
Семинар соңында салық төлеушілер тарапынан қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, мүлік, жер, көлік құралдары салығына байланысты сұрақтар қойылды. Сұрақтарға Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының бөлім басшысы Жандос Лахаев түсінікті жауап берді.
Аталған семинар салық саласында ашықтықты қамтамасыз етіп, кәсіпкерлердің сауаттылығын көтеруге ықпал ететін болады.
Семинар жұмысын қорытындылаған Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы Алтайбек Серікбаев «Көтерілген мәселелер мен қойылған сұрақтар салықтық міндеттемелерді дұрыс орындауға бағытталғанын атап өткіміз келеді. Алдағы уақытта да осындай кездесулер мен семинарлар арқылы өзара тәжірибе алмасып, жұмыс істей беретін боламыз, - деді.
Семинарға қатысқандар жаңа салық кодексіне байланысты өздеріне қажетті пайдалы ақпараттар алып, кодекс нормаларын тереңірек түсінді деген ойдамыз. Ал мұның олардың ертеңгі жұмыстарына пайдасын тигізері анық.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 19.09.2025 11:54
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1528
mod_vvisit_counterКеше6400
mod_vvisit_counterОсы аптада1528
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда37971
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4295229

Серіктестер