Онлайн газет



ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ

Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектепте аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысты комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе-”Балалардың қауіпсіз тасымалдауын ұйымдастыру,  жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты атқарылған және алдын алу шаралары туралы” аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Сейдаханов және аудандық полиция бөлімінің аға мемлекеттік автоинспекторы Асхат Рәпілбекұлы баяндады.
Баяндамашы Ерлан Сейдаханұлы 8 ауылдық округтегі 10 орта мектептен 471 оқушы ауыларалық тасымалдау және Сарыкемер ауылындағы үш мектепке (№7, Сарыкемер, Ю.Гагарин) ата-аналардың сұранысы бойынша тасымалдап оқыту ұйымдастырылғандығын атап өтті.Тасымалдауды жеке кәсіпкер «Концерн-КазСтройCity» ЖШС-нің директоры А.Жұмабеков  жүзеге асырып жатқандығын, тасымалдау жұмыстарына 11 автокөлік тартылғандығын жеткізді. Балаларды тасымалдау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы «автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» №349 бұйрығымен бекітілген. Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес жабдықталған және шағын автобустармен әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылып жатқандығына екпін салды.
Әрмен қарай Асхат Рәпілбекұлы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қолға алынған жұмыстарға басымдық бере отырып, кейбір білім беру мекемелеріне іргелес орналасқан автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз  етуге бағытталған  жол белгілері толық орнатылмағандығын айтып, орын алған олқылықтарға жеке-жеке тоқталды. Тек қана Ботамойнақ ауылдық округіне қарасты мектептерге жақын орналасқан автожолдарда жол белгілері толығымен орнатылғандығын атап өтті.


Комиссия отырысында Рүстем Қалмұхамбетұлы “Облыс әкімінің 22 тамыздағы №111 өкіміне сәйкес құрылған жұмысшы топтың Байзақ ауданында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің, құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шараларына  жүргізілген зерделеу жұмыстарының анықтамасына қатысты қолға алынған іс-шаралардың мүлтіксіз орындалуын, сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемовтің қолымен бекітілген 2025-2026 жылдарға арналған Байзақ ауданы бойынша “Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға” арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шараларды жауапкершілікпен атқару қажеттігін тиісті тұлғаларға тапсырды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты Гагарин, Абай, Амангелді,  Берікқара атындағы мектептердің директорлары ұсыныстарын ортаға салды.
Отырыс соңында Р.Қасымов   оқушыларды тасымалдауға қатысты ұсыныстар назарға алынатындығын, мектептерге іргелес орналасқан жолдарға жол белгілерін орнату, жаңарту жұмыстарын ширатуды қатаң тапсырды.
Алқалы жиынға комиссия мүшелері, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары қатысты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 19.09.2025 11:49
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6458
mod_vvisit_counterКеше9433
mod_vvisit_counterОсы аптада21980
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда36487
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4398645

Серіктестер