Онлайн газет



БАЛАБАҚШАЛАР БАҚ СЫНАСТЫ

Қазақстандықтардың салауаттылықты сақтауына көңіл бөлуі үнемі айтылып жүргендігі рас. Елбасының жасампаз Жолдауларында және Қазақстанның әлеуметтік

жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында да салауатты өмір салтын ұстану ерекше назарға алынған.
Жуырда «Балдырған» балабақшасында Байзақ аудандық іскер әйелдер қауымдастығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйытқы болуымен «Салауатты өмір – жарқын болашақ» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды. Оған ауданымыздағы «Балдырған», «Теремок», «Балапан» балабақшаларының ұжымдары қатысып, бақтарын сынады. Сәлемдесу сайысынан кейін, қатысушылар үй тапсырмасы бойынша ырғақты гиманстикадан өнер көрсетіп, мұнан соң эстафеталық жарыстардан сынға түсті. Спорттық ойын эстафеталарын «Балдырған» балабақшасы  денешынықтыру сабағының мұғалімі Г.Құдайбергенова жүргізіп отырды. Кедергілерден өту, баскетбол-волейбол және әр ұлттың ұлттық ойындарынан ойдағыдай нәтиже көрсеткен команда жарыс соңында жеңіске жетіп, ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған сый-сияпатқа ие болды. Атап айтар болсақ, бұл сайыста «Балапан» балабақшасы жүлделі І орынды иемденсе, қалған екі  ұжым ІІ орынды місе тұтты. Жарыс жеңімпаздарын «Балдырған» балабақшасының бастығы, Байзақ аудандық іскер әйелдер қауымдастығының жетекшісі, аудандық мәслихаттың депутаты Т.Кадимова, ауылдық округ әкімшілігінің бас маманы С.Тлеуқұлова, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры С.Бөлтірікова және «Теремок» балабақшасының меңгерушісі О.Яшева құттықтап,  Грамоталар табыс етті. Жүлдегерлерді әр ұжымның кәсіподақ комитеттері бағалы сыйлықтармен марапаттады.                   
Өз тілшіміз.

 

Обновлено 10.10.2012 16:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін586
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада10845
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27475
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279144

Серіктестер