Онлайн газет



АТА ЗАҢ-ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

Халқымыз үшін  аса қастерлі мереке саналатын Конституция күнінің өмірімізде алатын орны үлкен. Елдің Ата  Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы. Мемлекет пен қоғам тұрақтылығының,  халық пен ел дамуының кепілі саналатын Ата Заңымыздың  қабылданғанына 30 жыл толады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен басталған.
1995 жылы Қазақстан халқы Конституцияға бірауыздан дауыс бере отырып, еркіндікті, дамуды және басты құндылығы адам өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылатын шынайы демократияны тандады. Конституцияның 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл Конституциялық норма Қазақстанның  халықтық мемлекет екендігін көрсетеді. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану- ел тәуелсіздігінің көрінісі. Ең бастысы- бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, ел болу жолындағы басты міндеттердің бірі- Конституцияның құрметін арттыру болып табылады.
Бүгінгі күні елдегі сот жүйесі Конституцияға сәйкес, әрі қарай дамуға бағытталған шараларды жүзеге асырып жатыр. Қазір сот жүйесі қоғамның тұрақты, сенімді құқықтық кепілдігіне айналды деп айтуға толық болады. Ата Заңның 3-бабында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық деген сөзді назарға ала отырып, Ата Заңымыздың ел игілігіне жұмыс жасайтынына біз сенеміз. Өйткені, елдің жеткен биігі біздің жетістігіміз.
Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен барша жерлестерді құттықтай отырып, игілік пен бақ-береке тілеймін! Көк туымыз көктен түспей, Қазақстан Республикасы нығайып, дами берсін!

Досжан Төленбеков,
Байзақ аудандық сотының төрағасы.

Обновлено 29.08.2025 14:00
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2041
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада5038
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43856
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214164

Серіктестер