Онлайн газет



КОНСТИТУЦИЯ-БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

30 тамызда еліміздің негізгі заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толады. Мерейлі мереке қарсаңында түрлі саланың өкілдерінің лебіздерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Нұрбай Өмірәлиев, ардагер-ұстаз:-Қазақстан Республикасы өзінің демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Ата Заңы арқылы бүкіл әлемге танытты. Конституция елімізді дербес мемлекет ретінде қалыптастырып, онда тұратын барлық адамдардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етті. Ата Заңның алғы сөзінде жазылған: «Біз ортақ тарихы бар, тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деген сөйлем мағынасының тамыры тереңде жатыр. Өйткені қазақ жерінде  жүзден аса этнос өкілдерінің  тату-тәтті ғұмыр кешіп, алаңсыз ғұмыр кешіп жатқаны соның жарқын көрінісі.
Конституция – мемлекеттің  негізгі заңы. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан  Жоғарғы Кеңесінің  ІХ сессиясында қабылданғанын жақсы білеміз. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция жобасы қабылданды. Жыл сайын республикада бұл күн мемлекеттің басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Конституциясы бірнеше рет толықтырып, 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгерістер енгізілді.
Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемдік аренада өзіндік орны бар мемлекетке айналды. Ата Заңымызды басшылыққа ала отырып, тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді нығайту қолында қыруар шаралар тындырылды.
Конституцияда атап көрсетілгендей, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылық болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылдың 5 маусымында өткен  жалпыұлттық референдумда Конституциямыздың 33-бабына өзгеріс енгізілді. Жаңартылған Конституция ел дамуының жаңа белесіне жол ашты.
Ата Заң - ел тірегі. Сондықтан Отанды қорғау, Ата Заңымызды құрметтеу, тәуелсіздікті тұғырлы ету, өз құқықтары мен міндеттерін және ережелерін сақтап, заңдарды құрметтеу- әр азаматтың  парызы деп білемін.
Біздің отбасы үшін Конституция күні үлкен мереке саналады. Бұл күні  біздер арнайы дастархан жаямыз, немерелерім Ата Заң, туған жер туралы тақпақтар айтып, сый-сияпатқа ие болып жатады.
Еліміздің басты мерекелерінің бірі-Конституция күні құтты болсын.

Аси Султан, предприниматель - Для меня большая честь и ответственность, что я являюсь ровесником Конституции - документа, определяющего основу государственного устройства, служащего гарантом мира и безопасности. Конституция регулирует внешнюю политику государства, а также международное и внутригосударственное право. Она оказывает на нас огромное влияние. Каждый из нас живет и работает в стране, воспитывает детей, занимается любимым делом, и никто не нарушает наши права, прописанные в Основном законе государства.
У меня свое небольшое дело. На сегодняшний день предпринимательство представляет основное ядро экономики Казахстана. Согласно Конституции, государство гарантирует  защиту  прав и законных интересов тем, кто занимается предпринимательской деятельностью, а также устанавливает механизмы защиты от неправомерных действий государственных органов и должностных лиц.
То, что я родился в один год с принятием Конституции страны, накладывает на меня определенную ответственность, вызывает чувство патриотизма. Нам сейчас уже по 30 лет, и мы живем и трудимся на благо процветания родной страны, и ответственны за ее будущее. А для этого каждый гражданин Казахстана должен уважать Конституцию и чтить законы своей страны, по которым развивается наше общество.
Хочу пожелать всем  мира, добра и благоденствия, уверенности в завтрашнем дне. Пусть счастье и любовь царит в каждой семье, а наша страна крепнет и процветает!

Актоты КОПБОСЫНОВА, педагог: - Для меня День Конституции – очень значимое событие. Считаю Основной закон страны - гарантом прав и свобод, порядка и справедливости. Именно такими принципами  руководствуюсь и в своей работе.
Я преподаю в школе и  стараюсь воспитывать в своих учениках патриотизм, любовь к Родине, к своему краю, уважительное отношение к старшим, к своей истории, языку и традициям. В силу своих профессиональных обязанностей строго соблюдаю правила и нормы, уважительно отношусь к законам государства и требую того же от своих подопечных.
Очень радует тот факт, что в ближайшее время в стране планируется внести значимые поправки в Закон о статусе  педагога, которые будут направлены на создание защиты педагогов на правовом уровне в целях дальнейшего развития образовательной системы и повышения ее эффективности. Это станет значительным шагом вперед в области защиты трудовых прав работников образования и модернизации всей системы образования Казахстана.
Казахстан - моя Родина. И поэтому моя судьба неразрывно связана с  ней. Мы в ответе за свою страну, родную землю перед нынешним и будущими поколениями. И я хочу видеть Казахстан успешным, прогрессивным, динамично развивающимся, а для этого каждый должен делать все от него зависящее, работать на благо общества во имя светлого и прекрасного будущего.
Пусть в нашей стране будет мир, дружба и согласие, пусть права каждого соблюдаются в полной мере. Желаю достижений в труде и новых свершений на благо независимого Казахстана!

Индира Қалдыбек, студент: - Өткен жылы Мемлекет басшысы «Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мереке. Ата Заңымыз – мемлекеттігіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін ең басты құжат. Оның әрбір тармағы мүлтіксіз орындалса ғана әділдік пен заң үстемдігі орнығады», – деген болатын.
Ата Заңымыз - тәуелсіздік пен тұтастықтың кепілі, тұрақтылық пен татулықтың тұтқасы. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы-адам, оның бостандығы мен құқығы екенін бекіткен Конституциямыздың қабылданғанына биыл 30 жыл толып отыр.
Осы жылдар ішінде  еліміз әлемге танылды, бірлігіміздің арқасында мемлекетіміз дамып,  халықтың әл-ауқаты жақсарып, тұрмыс сапасы артты. Кең байтақ жерімізді мекен еткен түрлі этнос өкілдері келісім мен татулықта, тату-тәтті  өмір сүруде. Жыл өткен сайын ауданымызда да игілікті істер қолға алынып,  жемісін  көрудеміз.
Конституция-болашақ кепілі.  Сондықтан Ата Заңымызды құрметтеп, соған сай  адал еңбек етіп, ел дамуына үлес қосуымыз  керек.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2004
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26591
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда79135
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457204

Серіктестер