|
Қазіргі заманда өндіріс, ауыл шаруашылығы және тұрмыста әртүрлі химиялық заттар кеңінен қолданылады. Алайда олардың дұрыс сақталмауы немесе қолданылуы адамның улануына алып келуі мүмкін. Химиялық улану-ағзаға улы заттардың түсуінен болатын қауіпті жағдай. Химиялық уланудың негізгі көздері: 1.Өндірістік ортада •Қышқылдар мен сілтілер, еріткіштер; •Металлургия, химия, фармацевтика зауыттары; •Қоршаған ортаға бөлінетін газдар
мен булар. 2.Тұрмыста •Тұрмыстық химия: ағартқыш, тазартқыш, бояу, еріткіш; •Дәрілік препараттарды дұрыс қолданбау; •Көміртек тотығы (пеш, газ плитасы). 3.Ауыл шаруашылығында •Пестицидтер, тыңайтқыштар; •Мал дәрігерлік препараттар. Уланудың ағзаға түсу жолдары: •Тыныс алу арқылы (газ, бу, шаң). •Асқазан-ішек арқылы (улы тағам, су, дәрі). •Тері арқылы (ерігіш заттар). Белгілері: •Бас айналу, әлсіздік, бас ауруы; •Көңіл-күйдің өзгеруі, ұйқышылдық немесе қозу; •Жүрек айну, құсу, іштің ауыруы; •Тыныс алудың қиындауы, жөтел, ентігу; •Ауыр жағдайда – есінен тану, құрысу, жүректің тоқтауы. Алғашқы көмек: 1.Заттың әсерін тоқтату: таза ауаға шығару, ластанған киімді шешу. 2.Жедел жәрдем шақыру (“103”). 3.Ауызға түскен жағдайда – асқазанды шаю (дәрігердің рұқсатымен). 4.Теріге тисе – сумен молынан жуу. 5.Дәрігер келгенше тыныс алу мен жүрек соғысын бақылау. Алдын алу •Химиялық заттарды балалардан алыс сақтау. •Қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау. •Жұмыс орнында жеке қорғаныс құралдарын (респиратор, қолғап) пайдалану. •Газбен, пешпен жұмыс істегенде жақсы желдетуді қамтамасыз ету.
Салтанат Алибаева, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары. |