Онлайн газет



ПАВЛОДАРДА «АССАМБЛЕЯ ШӘМШІНІҢ ӘНДЕРІН ШЫРҚАЙДЫ» АТТЫ МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

26 тамыз күні Павлодар қаласының Достық үйінде Қазақстанның халық артисі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» және облыстық «Қазақша ән саламыз» жобаларының аясында ұйымдастырылды.
«Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов ұлттық мәдениет қазынасына 300-ге жуық ән қосты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Әнұраны да бар. Композитордың әуендері ұрпақтарды біріктірген лирика мен шынайылықтың, ұлттық болмыстың символына айналды.
Концертте композитордың кеңінен танымал шығармалары – «Шынарым», «Бақыттымын, құрбылар», «Ақ бантик», «Ана туралы жыр», «Бәрінен де сен сұлу», «Сыған серенадасы», «Арыс жағасында», «Қаракөз» орындалды. Оларды Павлодар облысының этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары шырқады. Кештің ерекшелігі әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуында болды. Ш. Қалдаяқов әндері мәдениетаралық үндестік мен келісімнің көрінісі ретінде түрлі халықтарды біріктірді.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін108
mod_vvisit_counterКеше2850
mod_vvisit_counterОсы аптада2958
mod_vvisit_counterӨткен аптада14657
mod_vvisit_counterОсы айда38552
mod_vvisit_counterӨткен айда145403
mod_vvisit_counterБәрі3949437

Серіктестер