Онлайн газет



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи аймақтық Аналар кеңесінің мүшелерімен кездесті.
Жиынға облыстық және аудандық Аналар кеңестерінің өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен серіктес ұйымдардың мүшелері қатысты. Кездесуді аймақтық Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали жүргізді.
Өз сөзінде Нәзипа Ыдырысқызы Аналар кеңесінің бүгінгі жұмыстары жайлы айтып, қоғамдағы тыныштық пен жас ұрпақ тәрбиесінде аналардың рөлін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, этнос өкілдері көп шоғырланған ауылдар мен елді мекендердегі кеңестердің қызметін күшейту керек екендігін баса айтты.
Іс-шара соңында Нәзипа Шанаи мен облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге үлес қосып жүрген белсенді аналарға «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалін табыстады.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін317
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3046
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63795
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109605

Серіктестер