|
Байзақ ауданы бойынша Мансаптық орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыздарға, жұмыс іздеушілерге, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге аудандық, аудандық пробация қызмет бөлімінің қызметкерлері, жұмыс берушілер қатысты. Айтулы шараны Байзақ ауданы бойынша Мансаптық орталығының басшысы Нұржан Тлепов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әрмен қарай облыс әкімдігі білім басқармасының №3 Байзақ колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кадр ісі жөніндегі маманы Меруерт Сыздықова, “Әулие-Ата- Феникс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кадр ісі жөніндегі маманы
Меруерт Абілханқызы ретімен сөз алып, өтіп жатқан жәрмеңкенің маңыздылығын атап өтті. Жәрмеңкеге 47-ден астам жұмыс іздеушілер қатысып, 32 мекемеден түскен 141 бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары келесі салалар бойынша ұсынылды. Олар музыка мұғалімі, мектеп психологы, онлайн сату жөніндегі менеджер, автомеханик, әдіскер және тәрбиеші. Жәрмеңкеге 47 жұмыссыз адам қатысты, барлығы жұмыс берушілермен әңгімелесуге жіберіліп, кеңестер берілді. Нәтижесінде 10 адам жұмыспен қамтудың белсенді шарасына тартылды. Атап айтсақ, 6 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжірибесіне 2 адам жолданды. 2 адам жұмыссыз есебіне тіркелді. Қалған 37 жұмыссыз азаматқа консультациялық кеңес, жұмыс орнын таңдау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Өз тілшіміз. |