|
Жаңа оқу жылын қарсы алар уақыт та жақындап келеді. Оқушыларды жайлы және қауіпсіз тасымалдау – негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында оқушыларды мектепке тасымалдайтын автобустардың жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындықтары зерделенді. Байзақ ауданының білім бөліміне қарасты 9 ауылдық округте орналасқан білім беру мекемелерінде, жалпы саны
393 оқушы тасымалданады. Тасымалдау бағыттары елді мекендер арақашықтығына қарай 3 шақырымнан 23 шақырымға дейінгі қашықтықты құрайды. Зерделеу нәтижесінде мектеп автобусының жұмысы әлі де жүйелі жандануды қажет ететіні анықталды. Сондай-ақ жүргізушілердің құжаттарының дұрыстығына, қауіпсіздік белдіктерінің жұмыс істеуіне, арнайы белгі мен жарық құрылғыларының талапқа сай болуына ерекше назар аударылды. Балалар мінетін мектеп автобусы барлық талаптар мен стандарттарға сай, қауіпсіз және қолайлы болғаны жөн. Өйткені, бала қауіпсіздігі-бәріміз үшін маңызды.
Өз тілшіміз. |