Онлайн газет



ӨЗЕН ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Мемлекет басшысының пәрменімен қолға алынған “Таза Қазақстан” акциясы аясында тазалықты өнеге, әдетке айналдыру бастамасына қолдау көрсетушілердің тындырымды тірлігі көңіл қуантады.
Өткен аптаның сенбісінде Талас өзенінің жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Айтулы шараға аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекеме, ұйым қызметкерлері белсенділік танытып, туған өлкенің тазалығын сақтауға атсалысты.
Атап айтқанда Сарыкемер ауылындағы өзен жағалауымен шектесетін Бәйдібек баба бұрылысы мен Мәмбет батыр көшелерінің аралығына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар өзен жағалауы қоқыстардан тазартылып, ретсіз өскен шөптер шабылды.
-Қоқыс тастамау, табиғатты аялау және тазалықты сақтау – әр азаматтың міндеті. Тазалық  таза жерде емес, тазалық сақтаған жерде болады. Сондықтан Талас өзені жағалауын, қоғамдық орындарды, саябақтарды ластап, қоршаған ортаға зиян келтірген адамдарды заңға тартып отыру керек,-дейді қатысушылар.
Сенбілік барысында  жиналған қоқыстар қаптарға салынып, арнайы орынға шығарылды.

Нұрбек Сүгірбеков.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін50
mod_vvisit_counterКеше2850
mod_vvisit_counterОсы аптада2900
mod_vvisit_counterӨткен аптада14657
mod_vvisit_counterОсы айда38494
mod_vvisit_counterӨткен айда145403
mod_vvisit_counterБәрі3949379

Серіктестер