Онлайн газет



СІБІР ЖАРАСЫ – ҚАУІПТІ АУРУ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында сібір жарасының алдын алу бойынша кеңес отырысы өтті.
Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков ашып, жүргізіп отырды. Жиынға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Рита Алтынбасова, ауылдық округ әкімдері мен тиісті мамандары, аудандық ветеринария бөлімі және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.
Онда алдымен аудандық ветеринария бөлімінің эпизоотолог мал дәрігері Қуат Аманқұл сөз алып, үй жануарларына қатысты профилактикалық жұмыстардың жай-күйі мен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Аудандық орталық аурухананың дәрігер эпидемиологы Жантас Дәулетов індеттің адам денсаулығына қауіптілігі мен алдын алу жолдары жөнінде түсіндірме берді. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Сауле Ямирбаева сібір жарасы- жұқпалы аса қауіпті ауру екендігін айтып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің және сақтық шараларын күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
Кеңес барысында аудан көлемінде сібір жарасының алдын алу шараларын күшейту, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жұқпалы індеттің таралуына жол бермеу мәселелері талқыланды.


Қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Кеңес соңында аудан аумағында індеттің алдын алуға бағытталған шараларды күшейту, ветеринария бөлімі және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бірлесе жұмыс атқаруы бойынша тапсырмалар берілді.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 26.08.2025 11:17
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1074
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1074
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12821
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990913

Серіктестер