|

Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өздерінің мемлекет пен халық алдындағы қасиетті борышын және міндеттерін орындауымен байланысты мемлекеттік қызметтің айрықша түрі болып саналады. Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери міндеттілерді әскери оқу-жаттығу жиынына шақыру туралы» Қаулысына сәйкес, елімізде жыл сайын
әскери жиын өтіп тұрады. Осыған орай ағымдағы жылғы шілде айының 17-15 тамызы аралығында Гвардейск кентіндегі 22326 әскери бөлімінде «Мәтібұлақ - 2025» атты әскери оқу жиыны өтті. Аталған жиынға Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен 22-45 жас аралығындағы 14 әскери міндеттілер шақырылды. Жиынға қатысушылардың барлығы да бұған дейін Отан алдындағы әскери борышын өтеп келгендер. Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, полковник Көпбосын Нурдинов Отан қорғаушылардың кәсіби шеберлігі қашанда маңызды екендігін айтып, жиынға келген әрбір әскери міндеттімен жеке сұхбат жүргізді.
 Жиынның негізгі мақсаты – әскери міндеттілердің функционалдық міндеттерін жетілдіру, жауынгерлік әзірлігі мен тапсырмаларды орындау қабілеттілігін арттыру. «Мәтібұлақ - 2025» әскери оқу жиыны барысында Байзақ ауданынан барған әскери міндеттілеріміз спорт жағынан шыныққан, шымыр екендіктерін көрсетті. Атап айтқанда, Б.Ахметов «Дала Қыраны» қара белбеуін, Ж.Дүйсенов, Д.Жұмабаев, К.Бекбаев, А.Баймұрат, Н.Қалмахан, М.Абу, Х.Кабираев Кубок, медальдар мен мақтау қағаздарына ие болды. Жоғарыда аталған әскери оқу жиынына қатысқан әскери міндеттемелері бар азаматтар білімдері мен әскери шеберліктерін шыңдап, тәжірибелік жаттығуда тактикалық іс-қимылдарға, қаруды шебер және тиімді пайдалана білуге, бұған қоса қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға аса назар аударылды. Ауданымыздан қатысқан әскери міндеттілеріміз өз күші мен іс-әрекетін дәл есептеуді, жоғары физикалық дайындықты, сенімділікті, айналасындағыларға және алға қойған мақсатқа деген адалдықты сезіне білді. Сонымен қатар аталған жиынға өз еркімен келіп, жауапкершілік жүгін терең сезінген олар осындай шаралардың берері мол екендіктерін жеткізді. Мұнымен қатар алға қойылған жаттығуларды мінсіз жүзеге асыра білді. Одан бөлек, әртүрлі жағдайда жауынгерлік тапсырманы орындау әдістері мен тәсілдерін үйренді, жер бедері, ауа райы жағдайлары және жауынгерлік тапсырмалар сияқты әртүрлі факторларды ескеруді үйренді. Аталған жиыннан оралған әскери міндеттілерімізді Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, полковник Көпбосын Кеңесбекұлы Мақтау қағаздарымен марапаттап, әрдайым биіктен көріне беруілеріне тілектестігін білдірді.
Салтанат Сарсенова, аудандық қорғаныс істері жөніндегі (жұмылдыру ресурстарын есепке алу және тағайындау жөніндегі) бөлімінің инспекторы. |