Онлайн газет



ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ НАЗАРҒА АЛЫНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан”  экологиялық акциясының маңызы күн санап артып келеді. Осы ретте Президент: “Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені  “Таза Қазақстан”, бұл-бір күндік науқан емес. Бұл-біздің өмір салтымыз.
Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс. Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған ортаны қалыптастырамыз. Тазалық пен тәртіп-дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі”,- деп атап өтті.
Аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен өткен  кезекті аппараттық кеңесте  “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауылдар және ауылдық округтерде атқарылған жұмыстар туралы” әкімдердің есебімен қатар “Мал азығын дайындау барысының жайы” қаралды.
Жиында алдымен аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәуренбек Мадешев «Таза Қазақстан» акциясы аясында соңғы екі аптада өткен сенбіліктің нәтижесі мен ауылдық округтерге жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында анықталған кездейсоқ қоқыс орындарына тоқталды.
-Aудан, елдімекендердің тазалығын сақтау, қоқыс тастамау, жергілікті тұрғындардың аймақ тазалығына белсенді атсалысуын жандандыру үшін үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.
Ауылымызды көркейту, абаттандыру және тазалық деңгейін арттыру мақсатында  қолға алынған “Үлгілі аула”, “Үлгілі көше” байқауларының маңыздылығын халық түсінуі маңызды,-деді аудан әкімі.
Әрмен қарай Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Еркін Заурбеков аталған акция  аясында атқарылған жұмыстар туралы, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиев қысқа мал азығын дайындау жөнінде қысқаша ақпарат берді.
Кеңес барысында аудан әкімі О.Баққараев тазалыққа қатысты аппарат инспекторлары зерделеу жұмыстарын жүргізу, сауда орталықтарының өкілдері де сенбіліктерге атсалысып, төңіректерін таза ұстау қажеттігін, мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары қысқа жеткілікті мал азығын дайындап алу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, кеңес отырысында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу барысындағы туындаған мәселелерге қатысты міндеттер жүктелді. Күн тәртібіндегі әрбір мәселелерге қатысты тапсырмалар беріліп, хаттамаға енгізілді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2822
mod_vvisit_counterКеше2380
mod_vvisit_counterОсы аптада2822
mod_vvisit_counterӨткен аптада14657
mod_vvisit_counterОсы айда38416
mod_vvisit_counterӨткен айда145403
mod_vvisit_counterБәрі3949301

Серіктестер