Онлайн газет



ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ - АСА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХLVІІІ сессиясы мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 14 депутаты, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне сәйкес алдымен аудан әкімі Олжас Баққараевтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы баяндамасы тыңдалды.
-Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан.  Инвестиция тарту-аса маңызды мәселе. Өндіріс орындарын ашу-аймақ дамуының қозғаушы күші саналады. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау бағытында да тиісті жұмыстар атқарылып келеді,-дей келе аудан басшысы жаңа әлеуметтік нысандарды құру, халықтың әл-ауқатын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсарту бағытында қолға алынған жұмыстарға, сондай-ақ, инвестицияларды тарту бойынша негізгі басымдықтарға жан-жақты тоқталды.
Бұдан бөлек білім, денсаулық, мәдениет, спорт, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, жастар саясаты бойынша да атқарылған тірліктерге басымдық берілді. Алда тұрған басты міндеттерді іске асыру барысын да назардан тыс қалдырмады.
Баяндамадан соң мәслихат депутаттары Гүлбахрам Ермекова, Алмас Большебеков, Мырзағали Мәдімаров, Нұржан Тлепов, Бекен Абитаев, Елнұрбек Ермековтер Сарыкемер ауылындағы 600 орындық мектептің құрылыс қай уақытқа жоспарланғаны, жаңадан салынған тұрғын үйлердің кәріз жүйесі мен ауыл шаруашылығына инвестиция тартуға қатысты мәселелерді көтерді.
Депутаттардың әр сауалына аудан әкімі Олжас Елебекұлы  жеке-жеке тоқталып, бюджет көлеміне байланысты кез келген мәселе назарда болатынын жеткізді. Аудан әкімінің есебі мәслихат депутаттарымен мақұлданып, назарға алынды.


Сессияда аудандық мәслихаттың “Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау” жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмыстары туралы, аталған комиссияның төрағасы, депутат Елнұрбек  Ермеков есеп берді. Сонымен қатар “2025-2027 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы” Байзақ аудандық  мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №41-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы” аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Лесбек Майлыбаев, “Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы” аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Тұрсынбек,  “Байзақ ауданының “Құрметті азаматы” атағына ұсыныс енгізу жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы” Байзақ аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы №63-8 шешіміне  өзгерістер енгізу туралы және “Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы” аудан әкімі аппаратының басшысы Ақылжан Құрманов хабарлама жасады.
Сессия соңында  күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданып, кезекті сессия қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.

Бауыржан Жақсымбетов.

Обновлено 22.08.2025 11:45
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін345
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3074
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63823
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109633

Серіктестер