|
Кәсіби аурулар –белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын ауру. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, еңбек және демалыс тәртібінің бұзылуынан, жұмысшылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Кәсіби аурулардың жедел және созылмалы түрлері болады. Жедел кәсіптік ауру-әдетте қызметкерге зиянды өндірістік факторлардың бір
реттік (бір жұмыс күнінен, бір жұмыс ауысымынан аспайтын) әсер етуінің нәтижесінен болатын ал созылмалы кәсіптік ауру-зиянды өндірістік факторлардың қызметкерге ұзақ уақыт әсер етуінің нәтижесінен болатын, кәсіптік еңбекке қаблеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға әкеп соққан ауру. Кәсіби ауруларды азайту үшін: - жұмысшыларды уақытылы медициналық тексеруден өткізу қажеттілігі ҚР ДСМ-нің «Алдын-ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» №ДСМ-131/2020 бұйрығымен айқындалған; - жұмыс орындарында жеке қорғаныш құралдарын атап айтқанда: құлаққап, қорғаныс қолғаптары, көзілдірік, респираторлар, арнайы киім, бас киім, аяқ киімдерді қатаң түрде пайдалану маңызды орын алады; - жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15-20 минут), техникалық шараларды іске асыру кәсіби аурулардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Кәсіптік арулардың алдын алуда қажетті сауықтыру және емдеу шараларын уақытылы жүргізу абзал.
Салтанат Алибаева, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары. |