Онлайн газет



АРДАГЕРГЕ АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ

Т.Папиев,
аудандық ардагерлер кеңесінің баспасөз хатшысы.

Ел білетін Сауытбек Рыспаев Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. Он жеті жасында майданға аттанған ол, фашистік Германияны жеңгеннен кейін қиыршығыстағы Жапониямен болған

айқасқа да араласқан. Майданнан қайта оралғаннан кейін ішкі істер саласында ұзақ жылдар қызмет етті. Аудандық ішкі істер бөлімдерін басқарған ол запастағы полковник шенінде зейнеткерлікке шыққан еді. Қазір Сарыкемер ауылында тұратын Сауытбек аға әлі де саптан шықпай, жас ұрпақ тәрбиесіне араласып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның ішкі істер қызметіне жиырма жыл толғаны белгілі. Осыған орай облысымызда арнайы “Жамбыл облысы ішкі істер органдары мен ішкі әскерлері ардагерлер ұйымына 20 жыл” төсбелгісі шығарылған болатын. Жуықта Ұлы Отан соғысының және ішкі істер қызметінің ардагері С.Рыспаевқа осындай төсбелгі тапсырылды.
Аудандық ардагерлер кеңесінде осы марапатты Сауытбек ағаға аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы П.Жуанышев табыс етті. Оған қоса ақшалай сыйлық та тапсырды. Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының және ішкі істер қызметкерінің ардагері С.Рыспаев көрсетілген құрмет үшін алғыс сезімін білдірді.

 

Обновлено 10.10.2012 16:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2103
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада5100
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43918
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214226

Серіктестер