Онлайн газет



Тіл мәртебесі-ел мерейі

М.Мұхаммадиева,
Байзақ аудандық әділет басқармасының мұрағатшысы.

Мемлекеттік тіл-тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі саналады. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін – ресми  тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп  айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.
Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынас жасайды. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» - деген болатын.
Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Оның мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. «Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас» демекші өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. М.Шахановша айтатын болсақ, қазіргі таңда өз тілін өгейсіп, «мәңгүрттеніп» жүргендер көп. Сондықтан  қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Олай болса, қазақ тілі Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді, ұлтымызды, отбасымызды қадірлейік!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1090
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8503
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4410
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256079

Серіктестер