Онлайн газет



Азаматтардың арыз шағымдары басты назарда

А.Рыспанова,
аудан прокурорының аға көмекшісі, 3-ші сыныпты заңгер.

2014 жылдың бес айында Байзақ ауданы прокуратурасына азаматтардан 120 арыз келіп түскен. Оның ішінде 113 арыз нақты түрде қаралып, 7 арыз қанағаттандырылып,  53 арыз бойынша бас тартылып, 37 арыз бойынша түсіндірме беріліп, 16 арыз басқа органдарға жолданылған.
Қанағаттандырылған арыздың бірін мысалға алатын болсақ, Байзақ аудандық прокуратурасымен азамат Ә.Шүкірбаевтың Байзақ ауданы қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінің заңсыз іс-әрекеттері туралы арызы қаралды.
Аталған азаматтың арызында келесі уәж көрсетілген: немерелерінің анасы қайтыс болуына байланысты 28.06.2011 ж. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің шешімдерімен 29.01.1998ж. туылған Ш.Жапаровтың және 27.12.2009 ж. туылған Е.Жапардың қорғаншысы  Ә.Шүкірбаев болып тағайындалған.
08.10.2013 жылдан бастап, білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі балаларды күтіп бағуға төленіп отырған жәрдемақының 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап тоқтатылғанын хабарлайды. Бірақ оның қандай себептермен тоқтатылғанын айтып беруден бас тартып, Ә.Шүкірбаевты әуреге салған.
Осыған орай, азамат Ә.Шүкірбаев Байзақ аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінің заңсыз іс-әрекетіне тексеру жүргізуін өтініп арызданады.
Тексерудің жүргізілуі  барысында, аталған шешімдер заңға қайшы болып шыққаны анықталды. Аудан прокурорының көмекшісі  С.Айтжанов төмендегі негіздермен шешімдерге наразылық келтіріп, оны бұзды.
Шешімдерді қабылдауға жәрдемақы тағайындау қағидасына сейкес келмейтіні, дәлірек айтқанда қорғаншылыққа алынған балалардың әкесі Сагадиев Малик Джапаровичтің балаларын асырап бағудан бас тартқаны туралы толық ақпараттың жоқтығы негіз болған.
Аталмыш кеңес шешімдері қабылданған кезінде Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасының 16.03.2011 жылғы қаулысы ескерілмеген.
Соттың бұл қаулысымен қорғаншылыққа алынған балалардың әкесі М.Сагадиевтың балаларды өзіне мәжбүрлеп қайтару туралы талап-арызы қанағаттандырылмай, Ә.Шүкірбаевтың қорғаншылығында қалған.
Соттың қаулысы күшіне енген және осы күнге дейін бұзылмаған. Тараптармен шағым (наразылық) келтірілмеген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №383 қаулысымен бекітілген «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібі туралы 2-тармағының 18 тармақшасында ата-аналарының өз баласын жеке өздері тәрбиелеуді және күтіп бағуды жүзеге асыруға мүмкіндіктері болған, бірақ оны басқа адамдарға  (ұзақ мерзімді қызметтік іс-сапарларда, балалармен бөлек тұратын, бірақ оларды күтіп бағуға және тәрбиелеуге жағдайлары бар) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа өз еркімен берген жағдайларда тағайындалмайтыны көрсетілген.
Қорғаншылыққа алынған Ш.Жапаров пен Е.Жапардың әкесі балаларын өз еркімен қорғаншылыққа бермеген, керісінше оларды күтіп бағуға және тәрбиелеуге жағдайы болмағандықтан атасының қорғаншылығына берген.
Көрсетілген мән-жайлар А.Шүкірбаевтың қорғаншылыққа алынған балаларды күтіп бағуға арналған жәрдемақыны алуына құқылы екенін көрсетті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін646
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4739
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда646
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252315

Серіктестер