Онлайн газет



Дүбірлі дүние

Байлардың саны баршылық

Дүние қарама қайшылықтан тұратыны белгілі. Біреулер жеуге үзім нан таба алмай жүрсе, біреулер шіріген бай. Сол айтқандай әлемдегі шіріген байлардың саны да аз емес екен. Кейбір есептеулерге қарағанда бар байлығы мен мүлкінің құны 500 млрд. доллардан асатын 98,7 мың бай адам бар. Олардың ең көбі АҚШ- та тұрады. Бұл елде осындай 45 мың бай болса, Қытайда 6 мың бай бар. Бұдан кейінгі орында Германия. Соңғы жылдары Қытайда байлардың саны өсіп бара жатқаны байқалады. Болжам бойынша алдағы бес жылда бүкіләлемдік әл-ауқат көрсеткіштері 39 пайызға артып, 2018 жылы 334 триллионды құрайтын болады. Яғни бес жылда қазіргіден 93 триллион долларға өседі екен.

Семірмейтін сері

Адамдардың көбі қазір артық салмақ жинап, семіріп кетіп жүр. Бұл артық тамақ, аз қимыл,  көп қоспалардың себебінен болар. Бірақ өмір бойы семіруді армандап келе жатқан адам да бар екен. Оның есімі –Пери. Ол 12 жасына дейін балпанақтай бала болған. Содан бір түнде арықтап, қайыстай тартылып қалған. Қазір алпыс жасқа жеткен Пери қандай тамақ ішкенімен, майды түр-түрінен қалғытқанымен сол шидей арық күйі қалуда. Дәрігерлер қанша зерттегенмен мұның сырын ұға алмаған. «Липодистропия» деген дертке ұшыраған дейді. Ал, оның өзі болса ел қатары семіруді армандаумен жасап келеді. Міне қызық? Біреулер арықтай алмай әлек, ал біреулер семіруді аңсан тұтады.

Желмен жүретін көлік

Желдің электр энергиясын туғызатынын жұрт жақсы біледі. Ал, Сіз желмен жүретін көлік дегенді естіп көріп пе едіңіз? Онда тыңдаңыз. Жуықта Пекин қаласы, Тұңжу ауданының қарапайым бір тұрғыны жел арқылы қозғалатын көлік ойлап тауып, көптің таңдайын қақтырды. Өнертапқыштың айтуынша бұл көлікті қарапайым құрылғылар арқылы зерттеп жүргеніне үш ай болған және екі мың доллар шамасында қаржы жұмсаған. Биіктігі 1 метр, ұзындығы 3 метр болатын көліктің өзге мәшинелерден артықшылығы  жел күшінен пайдаланып, бензин үнемдей алатындығында. Ең қызығы әлгі адамның мұндай туындыны ойлап табуына баласының ойыншығы себепкер болған. Қалай дейсіз ғой? Қағаздан зырылдауық жасап, жүгіріп жүрген ұлының ойыншығына қарап, оның ойына желдеткіш арқылы моторды қозғалтуға болатыны түсіп, көлік жасау ісіне бірден кіріскен. Сондықтанда күндердің бір күнінде қақ төбеңізден желмен жүйткіп ұшып жүрген көлік көрсеңіз, таңқалмаңыз.

Екі басты адам

Кейде қалжың аралас «бір басыңа еге бола алмайсың ба?» дейтініміз бар. Бір басы былай тұрсын, ХХ ғасырда Паскуаль Пинон атты екі басты адам өмір сүріпті. Таңғажайып деп осыны айтыңыз. Циркте ойын көрсететін Пинонның басында алғашында ісік пайда болып, оны әсте елемеген екен. Күндер өте әлгі ісік үлкейе келе екі көзі бар тағы бір бас өсіп шығады. «Бір бастан, екі бас жақсы» демей ме?  Пинонның өміріне еш зардабын тигізбесе де, құбылысы бөлек жан көп өмір сүрмепті. Бар болғаны 40 жасында қайтыс болған көрінеді.

Заманауи техникалардың зардабы

Қазір екінің бірінің үйінде соңғы үлгідегі шаңсорғыш, мұздатқыш, пультпен басқарылатын теледидар, музыкалық аспаптар бар. Тіпті, бүгінде күнімізді ұялы телефонсыз елестете алмаймыз. Жұмыстан шаршап келгенде бұрынғыдай от жағып, тамақ пісіру де қалды. Оның орнына жылдам ас дайындайтын, керек кезде жылытып беретін арнайы қысқа толқынды пештер пайда болды. Көбімізге қуаныш сыйлап жүрген мұндай заманауи техникалар біреулерге өз зардабын тигізіп келеді. Мысалы, Дебби Бердт атты адамның электромагнитті өрістен аллергиясы бар көрінеді.  Сондықтан да ол өз үйінде аллергиясын қоздыратын құрал-жабдықтарды қолданбайды. Керек десеңіз, дәл осы себептерге байланысты қалада тұрудан бас тартып, электр желілері жоқ жерде тұрмыс кешіп жүргенге ұқсайды.  Демек, мамандардың заманауи техникалардың адам өміріне зияны бар деп дабыл қағуы тегінен-тегін емес-ау осы.

Әр түрлі басылымдардан алынды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін336
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4429
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда336
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252005

Серіктестер