Онлайн газет



Үй шаруашылығын зерттеу-маңызды

Халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын, әл-ауқатын жақсарту мақсатында жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар жасалады. Сондай байқаулардың бірі – үй шаруашылығын зерттеу  сауалнамалары.
Зерттеуге қатысушы ретінде сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынады. Өйткені үй шаруашылықтары көше аттары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген тізілімнен математикалық кездейсоқ әдіспен таңдалып алынады.
Сіз қатысқан зерттеу нәтижелері халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қорғау және халық тұрмысын жақсарту бойынша шараларды қоса алғанда елдің әлеуметтік – экономикалық саясатын жасауға негіз болады.
Аудан бойынша үй шаруашылығын зерттеуге 60 отбасы іріктеліп алынған еді.  Атап айтқанда, Бурыл ауылдық округіне қарасты Бурыл ауылында 20 отбасы, Құмжота ауылында 10 отбасы, Түймекент ауылдық округінде 30 отбасы сауалнама жүргізу әдісімен зерттелді. Д-003 сауалнамасы отбасының күн сайынғы шығыстарының есебін жүргізсе. Д-005 сауалнамасы жанұялық тоқсан сайынғы шығыстары мен табыстарының есебін зерттейді.
Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі сіздің толықтай берген жауаптарыңызға байланысты. Осы зерттеуге қатысып, қолғабыс бергені үшін әр жанұяға тоқсан сайын 1852 теңге төленеді. Сондықтан осындай сауалнамаға асқан жауапкершілікпен қарап, өзіңіздің үлесіңізді қосу-азаматтық парызыңыз болып саналатындығын ұмытпаңыз,

Байзақ аудандық статистика басқармасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін380
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4473
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда380
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252049

Серіктестер