Онлайн газет



Мемлекеттік рәміздер ұлықталды

А. Бейсебаева,
“Мемлекеттік тілді оқыту орталығының” Байзақ аудандық бөлімшесінің оқытушысы.

Егемендіктің ең басты белгісі - тәуелсіз ұлттың нышандары - мемлекетіміздің рәміздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітіліп, қабылданды.
Әлем тарихында дәл осы күннен бастап біздің елдігіміз айқындалып, мәңгілік ел болуымыздың жарқын белгісін білдіретін жаңа жарқын күндер қалыптаса бастады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жастарына үндеуінде: Рәміздер - тәуелсіз мемлекетіміздің айбынын асқақтатар мемлекеттік нышан болса, оны құрметтеп, қастерлеу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы,- деп ел жастарына сенім артқан болатын. Ел мақтанышы саналатын Мемлекеттік рәміздерге деген терең сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру  мақсатында “Мемлекеттік тілді оқыту орталығының” Байзақ аудандық бөлімшесінде  оқытушы Ш.Бахытбектің  ұйытқы болуымен  “Көк байрағы желбіреген, елім менің” атты тақырыпта ашық сабақ өткерілді.
Оған  қатысушылар алдымен еліміздің Әнұранын орындады.  Бұдан соң қазақ халқының өткен тарихына,  мемлекеттік рәміздердің  авторларының өміріне, қызметіне шолу жасалды,  сонымен қатар  рәміздерге сипаттама берілді. Логикалық ойындар ойналды,  күрмеуі қиын сұрақтарға жауаптар берілді,  әртүрлі жаттығулар арқылы рәміздердің маңыздылығы айтылды. Мемлекеттік рәміздер қалай, қай жерде  қолданылытындығы туралы түсінік берілді.
Тағылымы мол шара  соңында белсенділік көрсеткен  тыңдаушыларға құрмет көрсетілді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін322
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4415
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда322
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2251991

Серіктестер