Онлайн газет



ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛДЫ

Билік пен бұқара арасында байланыс орнатуда-аудан әкімдерінің халықпен кездесуі, жекелеген тұрғындарды өздерінің жеке сұрақтары бойынша қабылдаудың пайдасы мол. Кездесулерде елдің жағдайы, ортақ мәселелер ортаға салынса, жеке қабылдауларда кейбір сұраныстар шешімін табады, кейбіріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатады.
Аудан әкімі Олжас Баққараев кестеге сәйкес өткен аптада ауданымыздың бірнеше азаматын аудан әкімдігінің мәжіліс залында қабылдады.
Қабылдауда болған Сарыкемер ауылының тұрғындары Арман Ерденбеков, Базаркүл Дайрабаева, Кеңескүл Шалкеева, Құралай Адилбекова, Баян Қожамқұлова, Насиба Ишанқұлова, Қосақ ауылының тұрғыны Сағаткүл Аққабақовалар негізінен баспана мәселесін көтерді. Өздері отырған тұрғын үйлерін жөндетіп беруге көмек сұрады.
Аудан басшысы тұрғындар көтерген мәселелерді мұқият тыңдап, тұрғын үй кезек бойынша берілетінін ескертіп, кейбір мәселелер зерделеніп барып, заң аясында шешілетінін ескертті.
Қабылдауға аудан әкімінің жауапты сала орынбасары, тиісті бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты.

Обновлено 05.08.2025 11:34
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1531
mod_vvisit_counterКеше6400
mod_vvisit_counterОсы аптада1531
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда37974
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4295232

Серіктестер