Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚ - ШЫН ҚОРЛЫҚ

Қоғам алдында тұрған басты міндеттің бірі-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,  қоғам індетіне  деген төзбеушілікті қалыптастыру. Осы бағытта елімізде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. 
Жемқорлық - шын қорлық. Бұл туралы халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаев  өзінің “Қара сөздерінде”  ашық сынаған. Ашкөздік пен тоғышарлықтың,  парақорлықтың моральдық адамгершілік нормаларын бұзатын, қоғамға кері әсер ететін  кереғар құбылыс екендігі ретінде айыптағанын жақсы білеміз.
Елімізде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілген  болатын. Осы тұжырымдамада мемлекеттік саясаттың тиімділігін жоғарылату, сыбайлас жемқорлықпен күреске қоғамды жұмылдыру арқылы жемқорлыққа нөлдік төзе алмаушылық қағидатын қалыптастыру және елімізде жемқорлықтың деңгейін төмендету болып табылады.
Мемлекет басшысы 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні-осы. Әділетті Қазақстан және адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық  жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын адал азамат болса, әділдік орнайды»,-деген болатын.
Ел алдындағы міндет-Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру. Яғни әділетті, заң мен тәртіпті құрмет тұтатын, адал еңбек етіп, жаңа Қазақстанды құруға біркісідей атсалысу бәрінен маңызды деп білемін. Олай болса әрбір ел азаматы өзінің құқықтары мен  міндеттерін терең ұғынып, өзгенің де құқығына құрметпен таныта отырып, сыбайлас жемқорлық пен оның көріністеріне төзбеушілік танытуы керек.
Парасаттылық, адалдық, шыншылдық - адам бойындағы ең биік қасиеттер. Осы қасиеттер бойында басым адам қоғамның кереғар құбылысының алдын алуға, онымен күресуге дайын тұрады.Ең бастысы әрқайсымыз қызметімізді адал да мінсіз атқарып,  адалдық пен ашықтық жұмысымыздың негізі болуы тиіс.

Мәлік Жанысбаев,
аудан әкімдігі қаржы бөлімінің бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін469
mod_vvisit_counterКеше4434
mod_vvisit_counterОсы аптада27852
mod_vvisit_counterӨткен аптада31090
mod_vvisit_counterОсы айда50152
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3820430

Серіктестер