Онлайн газет



МАЛЫ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Мемлекетіміз ауыл шаруашылығы саласына аса мән беріп, азық-түлік саласына ерекше назар аударып отыр. Мал шаруашылығында малды уақытылы емдеу, дезинфекциялау жұмыстары дер кезінде жүргізілуде. Ауылдарда типтік үлгідегі ветеринариялық пункттер соғылып жатса, мал дәрігерілері жаңа көлікпен қамтамасыз етілуде.
Аудандық ветеринария бөлімі «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының ветеринариялық станциясына» қарасты бөлімшесі болып табылады.
Аудандық ветеринария бөлімінің негізгі қызметі – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, диагностикалау, вакцинациялау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Аудан аумағындағы 17 ауыл, ауылдық округтерде 40 елдімекен орналасқан. Ауданда  мал басы жыл сайын өсіп келеді. Атап айтатын болсақ, биылғы жылға 49 мың бас мүйізді ірі қара, 384 мың бас қой-ешкі, 31 мың бас жылқы, 1300 бас түйе бар. Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда ауданда төрт түліктің өскенін көрсетеді. Тек шошқа ғана төмендеген.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2025 жылдың 6 айында бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес толығымен орындалды. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 905 980 манипуляция  (вакцинация)  жүргізілді. Мемлекет тарапынан 10 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы, атап айтқанда: сібір жарасына, құтыруға, нодулярлы дерматитке, эктимаға,  обаға, эхинококкозға,  қарасаңға,  брадзотқа, аусылға , пастереллезге және тағы басқада ауруларға вакцинациялау, дауалау жұмыстары атқарылды.
Сібір жарасы ауруына қарсы 23 000 бас МІҚ, 217 000 бас қой-ешкі, 8000  бас жылқы, 1250 бас түйе және 100 бас шошқа егіліп,  6 айлық жоспар толығымен орындалды.
Сарып (бруцеллез) ауруын анықтау мақсатында, 344000  ауылшаруашылық жануарларынан қан алынып, серологиялық-диагностикалық тексерулер жүргізілді. Сарып ауруына байланысты тексеру нәтижесінде 52 бас ауылшаруашылық жануарларынан оң нәтиже анықталып,  ауру жануарлар   тиісті орындарға союға, қайта өңдеуге жіберілді.
Аудан елдімекендеріндегі жылқыларды чиптау жұмыстары бойынша бүгінгі күнге дейін 10500-ге жуық жылқы чипталып, АШЖБ (ИСЖ) дерекқорына енгізілді.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы аясында қабылданған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес облыс аумағында жануарларды есепке алу «IT-COR» ақпараттық жүйесімен жұмыстар атқарылуда.


Биылғы жылы  1 273 бас қаңғыбас ит ауланды. «IT-COR» дерекқорына 285 бас ит бірдейлендіріліп, оның 44 басына кастрация, стерилизация жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпорын теңгерімінде 24 автокөлік бар. (Нива – 17,  Уаз-3, Газ-53 – 2, Ваз 2107 – 1). Сонымен қатар, 2025 жылы 5 жаңа Нива автокөлігін алсақ, 2026 жылдың соңына дейін қызметтік автокөліктермен толық қамтылу жоспарланып отыр.
Ауылдық округтерде 102 ветеринариялық маман жұмыс атқарады.  Ветеринариялық бекеттермен қамтылуы бойынша, қазіргі таңда ауылдық округтердің 13-і  ветеринариялық бекетпен қамтылған, қалған 4 ауылдық округте әкімшілік ғимаратында орналасқан
Ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді типтік үлгідегі қызметтік ғимараттармен қамтамасыз ету бойынша  2024 жылы Сарыкемер ауылдық округіндегі типтік үлгідегі ветеринариялық пункт ғимаратының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Ал, биылғы жылға 4 ветеринариялық пункттердің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Олар Мырзатай, Бәйтерек, Жаңатұрмыс және Көптерек ауылдық округтері. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Жаңа типтік үлгідегі ветеринариялық пункттер жер телімі 20 соттықты құрайтын, қызметтік ғимаратпен, малды қамап, емдейтін қорамен (расколмен) және малды тоғытатын арнайы тоғытпамен (купкамен) қамтылған.
Елдімекендерді қажеттігіне қарай биотермиялық шұңқырлармен қамтамасыз ету бағытында Көптерек, Суханбаев ауылдық округтерінде биотермиялық шұңқырлардың құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.
2026 жылы Бурыл, Көктал, Жалғызтөбе, Темірбек  және Сазтерек ауылдық округтерінде типтік үлгідегі ветеринариялық пункт құрылыстарын соғу жоспарланып отыр.
«Малы саудың-жаны сау» демекші, біздің мал дәрігерлері малдарды уақытылы емдеп, ауруға шалдықпауы жолында аянбай еңбек ете беретін болады. Бұл ретте мал ұстайтын жеке тұлғаларда мал асырау мәдениетін сақтаса дейміз.

Қуат АМАНҚҰЛ,
эпизоод мал дәрігері.

Обновлено 05.08.2025 11:25
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2249
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2249
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57194
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700462

Серіктестер