Онлайн газет



БИЗНЕС ПЕН БИЛІКТІҢ АЛТЫН КӨПІРІ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Ең алдымен экономика саясатын ұстанған тәуелсіз елдің мықты болуы кәсіпкерліктің дамуымен тығыз байланысты. Бұл үшін кәсіпкерлікке қолдау қажет. Өткен жылы елімізде арнайы заң қабылданып, жұмысын бастаған Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің қорғаушысы да, қолдаушысына айналды.
Жыл басынан бері ауданымыздағы кәсіпкерлердің басы біріге бастады. Жасыратыны жоқ, бүгінгі күнге дейін әрқайсысы өз кәсібін дөңгелету жолында күйкі тірліктің күйін кешсе, бүгінде бәріне ортақ мәселені біріге  талқылап, шешімін табуына ықпал етуге, кәсіпкерліктің қызығы мен шыжығын ортаға салуға ынталы бола бастағандай.  Әлгінде айтқандай, бүгінде кәсіпкерлер біріге бастаса, бұл палата жұмысының алғашқы нәтижесі. Байзақтық кәсіпкерлердің сүйенішіне айналып үлгерген Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Байзақ ауданындағы филиал директоры Дінмұхамед  Нұралиевпен үстіміздегі жылдың 25 маусымында Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы съезді қарсаңында сұхбаттасқан едік...
- Бүгінде кәсіпкерлер палатасы деген жаңа ұйымның аты атала бастады. Әңгімені Кәсіпкерлер палатасының алға қойған мақсат-міндетінен бастасаңыз...
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2013 жылдың маусым айында елімізде Кәсіпкерлік Ұлттық Палатасы құрылған болатын. Ұлттық палатаны құруды ұйымдастырудың мақсаты - Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік секторының өсуіне және дамуына, мемлекеттік экономикалық және өзге де саясатты жасау, іске асыру кезінде кәсіпкерлердің мүдделерін ескеру үшін кәсіпкерлік қоғамдастық пен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау тетіктерін жетілдіруге бағытталған және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге негізделген. Бұл бүгін ғана ойға алып, шешімін тапқан дүние емес. Біршама уақыттан бері терең зерттеліп, әлемдік тәжірибелерге сүйеніп, әбден сарапталып барып қабылданған шешім.
Бүгінде экономикасы өрге шыққан мықты елдердің қай-қайсысында болмасын, кәсіпкерлер палатасы қаншама уақыттан бері жұмыс жүргізіп келе жатқаны белгілі. Бұл кәсіпкерлердің ел экономикасын бірге көтеріп, біріге жұмыс істеуінің ұйытқысына айналуда. Палатаның негізгі міндеті - кәсіпкерлер құқығын қорғау, мүдделерін қолдау, кәсіпкерлердің мәселесін билікке жеткізу болса, мақсат та айқын, кәсіпкерлерді қолдау арқылы кәсіпкерлікті дамыту, ел экономикасын көтеру. Елбасы атап айтқандай, дамыған кәсіпкерлік - мықты ел.
- Аз уақыттың ішінде аталған ұйым ауқымды істерді еңсеріп те үлгергені белгілі. Ал, енді осы уақыт аралығында Кәсіпкерлер палатасы өз жұмысының тиімділігін қаншалықты дәлелдей алды. Палата құрылғалы бері қысқа мерзімде атқарған жұмыстарыңыз туралы кеңінен айтып өтсеңіз?
-Қысқа мерзім арасында Өңірлік палатаның құрылымы қалыптасып, бірқатар жұмыс атқарылды. Облыстың әр ауданындағы өкілдеріміз бизнес жағдайын зерттеп, кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, кеңестер беріп, көмек көрсетуде. Мұндай жұмыстар Байзақ ауданында да кең ауқымда жүргізіліп отыр. Қазіргі таңда облыстық кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпкерлер Палатасы» атты газет шығарып, онда бизнес үшін маңызды мәселелер көтеріп, пікір алысып жатқан жағдайымыз бар. Палатаның аудандық филиалдары ашылғаны және арнайы газет басылып шығарылғаны  - бұл ауыл бизнес субъектілерімен  тұрақты байланыста болудың бірден-бір кепілі. Нақтылы кезеңде облысымыздың екі мыңнан астам кәсіпкерлері осы газеттің үш басылымын тегін алды. Сонымен қатар, ашылған электрондық сайттар  арқылы кәсіпкерлер өз сауалдарына жауап тауып, «Рег трейд» виртуалды сауда орны арқылы басқа облыстар мен мемлекеттердің нарық алаңына шығуларына жол ашылды.
Байзақ ауданында барлығы 5242 бизнес субъектілері тіркелген, оның ішіндегі шаруа қожалықтары – 2851, жеке кәсіпкерлер саны – 2145, заңды тұлғалар саны – 246 мекемені құрайды. Аудан көлеміндегі тіркелген тұрғындар саны – 94554 болса,  олардың басым көпшілігімен байланыс орнатылған.
Бүгінде «Достық-99» шаруа қожалығынан заңсыз алынған 756 гектар жер телімін кері  қайтару мәселесі шешілу үстінде.
-Алғашқы жұмыс меморандумдарға қол қоюдан басталады емес пе? Сіздер қол қойған меморандум нәтижесі қандай?
-Кәсіпкерлер палатасы прокуратура органдарымен қабылданған меморандум аясында нәтижелі іс-шаралар атқаруда. Прокуратура Кәсіпкерлер палатасының әрбір өтінішіне шұғыл әрекеттер арқылы қолдау көрсетіп отыр. Осындай  қарым-қатынас басқа да мемлекеттік органдармен жүйеге қойылған, мұндай жағдай  бизнестің мәселелерін шешу үшін және де  тың  жобаларды қолдауға  өте маңызды.
-Алдағы уақытта нарыққа қажетті мамандар даярлауды жүйелеу жолға қойылатын болар? Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсеңіз?
- Жастардың  мамандық алып, жұмысқа орналасу мәселесіне палата басты назар аударуда. Осы мақсатпен облыс көлемінде 64 мекеменің еңбек  қажеттілігі зерттеліп, вакансиялардың және сертификаттары бар салалық мамандардың  бірыңғай  базасы дайындалып, жүргізіліп отыр. Қазіргі таңда ол базада бір мың қырық жеті азаматтың анықтамалары жинақталды.
Біз жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері таңдаған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасып, ал, жұмыс берушілер кәсіби деңгейі заман талабына сай, дайын мамандар алуларын мақсат тұтамыз.
Кәсіпкерлер палатасымен атқарылып жатқан басқа да жұмыстар мұнымен тоқтамақ емес. Келер күннің кемел болуы бүгін таңдаған мамандығыңа тікелей қатысты. Әрине, қаржыгер, дәрігер немесе мұғалім болу әркімнің-ақ арманы, десе де техникалық мамандықтарды меңгеру – заман талабы екенін уақыттың өзі дәлелдеуде. Сол үшін де Елбасы өз Жолдауларында жастарды қазіргі сұранысқа ие мамандықтарға даярлау қажет екенін жиі айтып келеді. Тіпті, елімізде кәсіптік-техникалық білім алам деушілерге көптеген жеңілдіктер қарастырылып, жұмысқа орналасуына зор мүмкіншіліктер туғызылуда.
Оқу жылының аяқталар тұсында оқушыларға бағыт-бағдар беру  мақсатында түрлі жоғары оқу орындарының үгіт-насихат жұмыстары үдей түсетіні рас. «Болашақта мен кім боламын?» деген сұраққа жауапты әр оқушының өзі ғана бере алады дейтін болсақ, жастарға жақсы кәсіп жөнінде ақпар беру, оларға жол көрсетудің маңызы өте зор.
Осы ретте Жамбыл облысы Байзақ аудандық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруы арқылы және осы іс-шараға аудандық білім бөлімінің атсалысуы нәтижесінде аудан көлеміндегі бірқатар мектептердің 95 оқушысын, атап айтқанда, С.Абланов, Сарыкемер, Н.Киікбаев, Шахан, Гагарин орта мектептерінің 9,10-сынып оқушыларына «Rola-7», «База-Servis» және «Шойын-Темір» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Достық-99» шаруа қожалығы сияқты кәсіпорындарға арнайы профориентациялық экскурсия жүргізіліп, оқушылар ондағы жұмыстарды өз көздерімен көріп, кәсіп иелерімен пікірлесіп, әр оқушы өзіне қажетті ақпарат алуына мүмкіншілік жасалды. Аталған нысандарды аралап көрген ұл-қыздарымыз ұжым қызметкерлерімен жеке-жеке сұхбаттасып, өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Тиісті жауаптар алды. Осылайша бір күндік кәсіптік баулуға арналған іс-шарадан болашақ мамандық иелері техникалық мамандықтарды игерудің игілігін тереңірек түсінгендей болды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
-Енді шамалы күннен кейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы съезді өткелі отыр. Осы мақсатта алдағы жоспарларыңызбен ой бөліссеңіз?
- Ең маңыздысы, біз қазіргі таңда кәсіпкерлік қауымдастықтың негізгі өкілдерімен  жұмысты жолға қойдық, кәсіпкерлер мәселелері тұрақты зерттеліп, шешімін тауып жатыр. Сондықтан, мемлекет пен бизнес арасындағы Кәсіпкерлер палатасы  алаңында жүргізілетін жаңа диалог мақсаттары табысты жүзеге асырылуда. Қолданыстағы даму институттарын біз жоспарлы түрде бизнеске қарай бұрудамыз, әрбір бизнес-бастаманы біз өте маңызды және қолдауға тұрарлық деп есептейміз.
Ал, енді аталмыш съезд жұмысына Елбасымыздың арнайы қатысатынын ескерсек, еліміздің әр өңірінен сайланған делегаттар жергілікті жерлердегі кәсіпкерліктің өркендеуіне кедергі болып отырған көптеген мәселелерді көтереді деп ойлаймын және кіші және орта  бизнесті  қолдауға бағытталған  тәжірибелік ұсыныстар мен шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді деген сенімдемін.
- Сұхбатыңызға рахмет!

Обновлено 26.06.2014 09:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін159
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4252
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда159
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2251828

Серіктестер