Онлайн газет



КӘСІПКЕРЛІККЕ ӨРІС КЕҢ БАЙЗАҚТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ОРТАҚ ОЙЫ ОСЫНДАЙ

Ел тәуелсіздігінің елең-алаңында-ақ өз кәсіптерін бастап, бүгінде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосып жүрген  қазақстандық кәсіпкерлер әркезде де Елбасының өздеріне деген үлкен қамқорлығын сезініп келеді. Үстіміздегі жылғы ақпанның 27-сі күні Мемлекет басшысының кәсіпкерлерді

қолдау туралы жасаған мәлімдемесі мен «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығы  осы айтқанымызға дәлел. Президенттің кәсіпкерлерге қолдау жасау тұрғысында осы жылғы 2 сәуірден бастап, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін кәсіпкерліктің көптеген түрлеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялауы және бизнес жолында кездесетін кедергілерді жеңілдету жөнінде Үкіметке нақты тапсырмалар беруі отандық бизнес өкілдері тарапынан кең қолдауға ие болуда. Соған орай ауданымызда еңбек етіп жүрген кәсіпкерлердің бір тобының ой-пікірлерімен бөліскенді жөн көрдік.

 

Б.Битабаров, «Достық-99» шаруа қожалығының басшысы:
1959 жылы шілде айының жетінші жұлдызында Байзақ (Свердлов) ауданы, Түймекент ауылында дүниеге келдім. Еңбек жолын 1976 жылдан бастап, Түймекент ауылында алғаш Трудовой пахарь колхозында ауыл шаруашылық қызметінен бастадым. Содан кейін Түймекент өндірістік кооперативінде еңбек еттім. 1999 жылы «Достық-99» шаруа қожалығын құрып, осы уақытқа дейін шаруашылық жетекшісі болып қызмет атқарамын. Қазіргі уақытта шаруашылықта қызмет жасау барысында қиыншылықтардың кездесетіні жасырын емес. Сол қиыншылықтарды жеңілдетуге Елбасының Жарлығымен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мүддесін қорғайтын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғаны белгілі. Осы палатаның ашылғанына аз уақыт болса да жұмысының нәтижесін көріп отырмыз. Дәлірек айтқанда, өзім басқарып отырған «Достық-99» шаруа қожалығының 2004 жылдан осы уақытқа дейін өз шешімін таппай келген шаруашылығымыздан заңсыз алынған 756 гектар жер телімін кері қайтару мәселесін шешуге үлкен көмек көрсетті. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Байзақ ауданы бойынша филиал директоры Д.Нұралиевтің араласуы нәтижесінде және де Жамбыл облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен он жылдан бері шешілмеген мәселе оң шешімін тапты. Қазіргі заманға сай үш-төрт мәселені Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қойып отырмыз, алдағы уақытта қойылған мәселелер оң шешімін табады деп сенеміз. Осы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудан көлемінде де филиалының ашылғанына қуаныштымыз және кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері біздің мұқтажымыздың оң шешімін тауып беретіндігіне толық сенімдеміз. Әлі де алға қойған мақсаттарымыз көп.

Ж.Есенқұлов, «Алди и К» ЖШС–нің директоры:
1992 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін. 2006 жылдан бері Байзақ ауданы бойынша «Алди и К» ЖШС-нің директоры болып кызмет істеймін. Біздің негізгі міндет -  халыққа қызмет ету, күл-қоқысты қабылдау, жою және тазалау, экологиялық тазалықпен күресу болып табылады. 2-ші,3-ші,4-ші шақырылымдағы Байзақ ауданы маслихатының депутатымын. Жамбыл облысы бойынша күл-қоқысты қабылдап алып, жою мәселелерін жолға қойып, облыстық деңгейде өткен жылдың 28-ші сәуірінде семинар өткіздім. Оған облыс әкімінің орынбасарлары және департамент бойынша экология басшылары, ауыл әкімдері мен мамандары қатысты. «Алди и К» ЖШС-і күл-қоқыстан бөлек медициналық қалдықтарды жоюмен айналысады. Аудан бойынша өлексе-бруцеллез малдарды қабылдайтын арнайы беккер шұңқырын дайындап, ауыл округтеріне қызмет көрсетіп отырмыз. Шайынды лас су қалдықтарын қабылдап, көлемі бір гектар жерде жою жұмыстарын жасап, халыққа қызмет етіп келеміз. Өзіміздің өңір туралы сөз қозғасам, бүгінде ауданда 94 мыңнан астам халық бар, оның ішінде 5242 кіші және орта бизнес субъектілері тіркелсе, олардың дерлік барлығы мемлекет тарапынан қолдауға зәру. Осы орайда, Елбасы тапсырмасымен Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының құрылуы аталған олқылықтың орнын толтырды десек артық айтпаған болар едік.
Бүгінгі күні еліміздің дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, бәсекелестікке қабілеттілігі үлкен маңызға ие. Осының бәріне қол жеткізу үшін палатаның құрылуы барлық кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік және нақты үміт беруде. Кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымына қолайлы жағдай жасап, кәсіпкерлік секторының дамуына оңды ықпал жасауда. Әрине, бұл іс-шаралардың орындалуында біз-кәсіпкерлердің де белсенді түрде қатысуымыз қажет. Өйткені, палата мемлекеттік органдармен болған қарым-қатынаста біздің өкіліміз болып табылады.
Осы жерде кәсіпкер ретінде мен өз басымнан өткен мәселені айтқым келіп тұр. Бір мекемемен арада жасалған келісім-шарттың дұрыс толтырылмауы аталған келісімнің бұзылуына әкеп соға жаздады. Сол жерде, палатаның қызметіне жүгінуге тура келді, себебі әрбір кәсіпкер өз қарамағында білікті (заңгер) мамандарды үнемі ұстап отыруға мүмкіншілігі бола бермейді. Осы іс-шараға Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Нұралиевтің араласуы және дұрыс бағыт-бағдар беруі нәтижесінде бұл мәселе оң шешімін тапты.
Биылғы жылдың сәуір айынан бастап, құрылыс қалдықтарын қабылдайтын орын ашып, белгілеп, оның рұқсатын алып, халыққа қызмет жасалуда. Келешекте сынапты лампаларды және істен шыққан оргтехникалық қалдықтарды қабылдап алатын жердің сметалық құжаттарын дайындап жатырмыз. Сондай және бір көкейімде жүрген жоспарым - аудандық орталық демалыс саябақ аумағынан аудан халқына және балаларға арналған шомылатын бассейн салу.
Міне, алдағы санаулы күндерде Астанада республикалық кәсіпкерлер Палатасының съезі өтпек, осыған орай съезд жұмысынан кәсіпкерлер қауымы үлкен үміт күтіп отырғаны жасырын емес.
Осылайша, алдыға қойған мақсаттарымызды бірігіп орындасақ, әлемдік қауымдастық бізді қалыптасқан мемлекет ретінде мойындайтыны сөзсіз. Біздің шекарамыз, саяси жүйеміз, экономикалық үлгіміз ел ішінде де, сыртқы жерде де елеулі келіспеушіліктер мен талас-тартыстардың өзегіне айналмайды. Сол себепті енді алдыға қойылған мақсаттарымыздың бірлікте, тиімді әрі жоспарлы түрде орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет.

Обновлено 26.06.2014 09:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін469
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4562
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда469
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252138

Серіктестер