|

Кеше аудан әкімі Олжас Баққараев алдын ала дайындалған кестеге сәйкес Көктал ауылының халқымен кездесті. Ауылдық клубта өткен кездесуге аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманов, аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңестерінің төрағалары Б.Омаров, Қ.Оралов, тиісті мекеме, бөлім басшылары қатысты. Кездесуді ашқан аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Онда аудандағы өзекті саналып отырған тұрғын үй мәселесіне басымдық берді. Сондай-ақ жер мәселесіне байланысты кезекте тұрғандардың барында атап өтті. Басқада мәселелерге
тоқталды. Бұдан әрі кездесу халықтың келісіміне орай сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Ауыл тұрғындары Баймұрат Хужамурадов, Досмахан Оразбаев, Айткүл Азимбаева, Қалдыкүл Рахметова, Бекзада Малхайдаровалар сөз алып, ауылда интернеттің өз дәрежесінде істемеуі, ауыл халқы үшін қорымға жер бөлу, автобус мәселесі, ауылда дәрігерлердің жетіспеуі, байлаусыз жүретін иттер, көп қабатты үй маңындағы су шайындылары құйылатын септикті жеке-жеке соқпай орталықтандыру, электр желісі туралы мәселелерді көтерді. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарды мұқият тыңдап, оның бірнешеуіне сол жерде жауап берді. Ал кейбір мәселелер зерделеніп барып, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Мәселен, интернетке байланысты мәселе басқада ауылдарда барын айта келіп, мұны ретке келтіру бойынша тиісті орындар тарапынан жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ал қорым үшін жерді қарастыру және электр желісіне байланысты оны дер кезінде жөндеу туралы аудан әкімдігі жер қатынастар бөлімінің басшысы Е.Тұрсынбек пен аудандық электр тоғын тарату мекемесінің басшысы А.Жамишжановқа табыстады.
 -Бейсеубет жүретін иттер туралы меніңде айтарым бар. Бұл иттер еш жақтан келген жоқ. Осы ауыл тұрғындарының иттері. Сондықтан әркім өз итіне еге болса, өз көршілеріне осыны айтып жеткізсе сонда ғана ауылда ит проблемасы болмайды, - деді ауылдық ветеринариялық фельдшер Асан Рапишев. -Итке байланысты әрбір иттің иелерінің өз жауапкершіліктері болуы керек. Әсіресе, жастарды ит қабу мәселесі көп жерде орын алуда. Демек, жастардың қауіпсіздігіне бәрімізде атсалысуымыз қажет. Жастар-біздің келешегіміз. Сондықтанда тек ит қана емес, мал, жол қауіпсіздігіде назарда болғаны жөн. Сондай-ақ интернет алаяқтарынанда сақ болыңыздар. Алаяқтар неше түрлі айла-тәсіл жасайды, оларға сенбеңіздер, - деген аудан басшысы ауылдағы саябаққа алдағы уақыттарда жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтып халықты қуантты. Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Олжас Елебекұлы қойылған әрбір сауалға байланысты тиісті жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелетінін ескертті.
Сүндетулла ӘБІЛОВ.
|