Онлайн газет



Маңызды мәселені қаузаған жиын

 

Апта басында аудандық әкімдіктің мәжілістер залында «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы саяси кеңес бюросының отырысы болып өтті. Оны ашып, жүргізіп отырған партия Байзақ аудандық филиалының төрағасы М.Шүкеев күн тәртібіне енгізілген басты мәселелермен таныстырып өтті.

Жиында қаралған алғашқы мәселе - «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарында айқындалған аудан экономикасының 2012-2014 жылдар аралығында орындалу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Ә.Қилыбаев баяндама жасады. Әзімхан Қилыбайұлы өз сөзінде «Нұр Отан» нұрлы болашаққа бастайтын партия екендігін ауызға алып, оның қолдауымен іске асырылып жатқан аудандағы ауқымды шараларды атап өтті. Нақтырақ айтсақ, «Балапан», «Жұмыспен қамту -2020», «Ауыз су», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары мен Жастар практикасының жергілікті жерде жүзеге асырылу барысы, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы салаларындағы оң өзгерістерді әңгіме қылып, аудан бюджеті, оның игерілуі  жөнінде қысқаша мәлімет берді.  
Күн тәртібіндегі келесі мәселе «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының 2014 жылдың 5 айында атқарған жұмысының есебін  аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Р.Сапарбеков баяндаса, «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет» жөніндегі қоғамдық кеңестің соңғы бес айда жасаған жұмысы жайында осы кеңестің төрағасы Р.Сәрсенов айтып жеткізді. 
Бұдан кейін «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының 2014 жылдың ІІІ-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспарын, ІІ жартыжылдығына арналған медиа-жоспарын, ІІ жартыжылдығына арналған қоғамдық қабылдау кестесін және «Біздің ауыл» жобасы бойынша іс-шаралар жоспарын  бекіту туралы партия Байзақ аудандық төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов хабарлама жасады.
Отырыстың күн тәртібіне енгізілген  барлық мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 19.06.2014 16:21
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін292
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада292
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6804
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258473

Серіктестер