Онлайн газет



Жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады

Санат Совет,
мектеп бітіруші.

Еуразия атауы қазіргі ақпараттық кеңістікте ең көп кездесетін сөздердің біріне айналып отыр. Қазір екі конференцияның бірі Еуразия тақырыбына арналады. Мұның себебін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен түсіндіруге болады. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы аймағымызда маңызды саяси, экономикалық және мәдени бетбұрыстардың болып жатқанын көрсетеді. Әрине, Еуразияны әрбір мемлекет өз мүддесі тұрғысынан түрліше түсінеді.
Бүгінгі таңда Елбасының «Қазақстан  - 2050» Cтратегиясы - қалыптасқан  мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауындағы белгіленген мақсаттарға экономикалық ықпалдаусыз қол жеткізу мүмкін емес. Бізге жаңа  үлгілер мен экономикалық дамудың жаңа сатылары керек. Біздің түсінігімізде Еуразиялық ықпалдасу – қысқа мерзімдік емес, ұзақ мерзімдік сипаттағы келешектің идеясы.Кез-келген мемлекет ықпалдасу идеясын қарастыра отырып, нарыққа тең құқықтық мүмкіндік алуды жоспарлайды.Сондай-ақ, бірге отырып экономикалық  сипаттағы   мәселелерді шешуді көздейді.     
Қазақстан, Ресей, Беларусьтің одақтарын құруға ұмтылысы үзіліп қалған мемлекетаралық өндіріс- экономикалық байланыстарды қалпына келтіреді.Қазақстан үшін нарық шикізаттық және шикізаттық емес бағыттағы тауарларын өткізе алатын жалғыз орын болып табылады. Өз кезегінде Ресей  мен Беларусь үшін де қазақстандық нарық әріптестік және сауда-өнеркәсіптік байланысы қалыптасқан мекен.
ЕАЭО-ға кіргеннен бастап бірлескен кәсіпорындар құру мен өндіріс кооперациясын күшейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Еуразиялық одаққа  қарай қозғалыс – біздің елдеріміздің жан-жақты табиғи, экономикалық, әлеуметтік ресурстарын оңтайлы үлгіде бірыңғай жүйеге біріктірудің жолы. Елбасымыз өз баяндамасында ықпалдасу – біздің жалғыз жолымыз екенін атап өтті.Сондықтан да  осыдан басқа бізді ілгерілеуге апаратын жол жоқ та шығар.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін370
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада370
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6882
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258551

Серіктестер