Онлайн газет



«Діни радикалды ағымдардың Қазақстан қоғамына кері әсерлері», - тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Г. Әбдіқұлова,
«Ауыл жаңалығы».

Өткен аптаның сенбісі күні Сарыкемер орта мектебінде Жамбыл облысы бойынша ҰҚК аудандық бөлімшесінің ұйытқы болуымен «Діни радикалды ағымдардың Қазақстан қоғамына кері әсерлері»  атты тақырыпта дөңгелек үстел  өтті. 
Алқалы жиынды «Жийде» қоғамдық қорының үйлестірушісі Б. Алпысбаев ашып,  аталмыш тақырыпта  мазмұнды баяндама жасады.  Бақтияр  Қаржаубайұлы  өз сөзінде ислам дінінің   шығу тарихына,   оны насихаттаушылардың еңбегіне, қазақ жеріне енген ислам дінінің тарихи кезеңдеріне шолу жасай отырып,  қоғамда діннен әділет, тірек іздеген жастарға кейбір дін өкілдерінің дұрыс бағыт-бағдар бермей отырғандығын, сондықтан  өзге  діни ағымдардың жетегінде кеткен  қандастарымыздың тағдыры туралы баян етті. Сондай-ақ баяндамашы 2011-2012 жылдары  елімізде орын алған 20 террорлық жарылыстардың  зардабына тоқталды, осы жарылыстарды ұйымдастырған  радикалды топтың 46 жиһадшысының  әрекетін сөз етті. Бүгінгі таңда  «Әл-Каида», «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Күрд халық конгресі» («Конгра-Гел»), «Асбат әл-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан қозғалысы», «Боз гурд», «Орталық Азия моджахедтері қоғамы», «Лашкер-е-Тайба», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», «Аум Синрике», «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы», «Түркістан ислам партиясы», «Хизб-ут-Тахрир», «Алла-Аят» «Ата жолы» секілді  экстремистік ұйымдардың жұмысына елімізде қатаң тыйым салынғандығын  әңгімеледі. Мұнымен қатар, ол 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң аясында қолға алынған жұмыстарға, сондай-ақ,   қоғамымызда туындаған діни проблемаларды  алдыға тарта келе,  қоғам мен ел тыныштығын, ел тәуелсіздігін сақтаудың  маңызын  сөз етті. Келесі сөз кезегін алған  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов бүгінде  ел азаматтарының діни саладағы құқықтарын іске асыруы үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдайлардың жасалып жатқанын,  өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын баса айтты.   «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы  негізінде жұмыс істейтін түрлі конфессиялар мен діни бірлестіктер қайтадан тіркеуден өткізіліп, олардың жұмысы туралы ақпараттандыру жақсы жолға қойылғандығын тілге тиек етті. Жамбыл облысы бойынша ҰҚК аудандық бөлімшесінің қызметкері М.Баймаханов діннің тұтастығы – елдің тұтастығы болып саналатындығын, қазіргі таңда  діни экстремизм мен терроризм әлемдік қоғамдастықты қатты алаңдатып отырған мәселе екендігін, мұндай  дертпен бүкіл қоғамның тізе қосып, күш біріктіре отырып, жеңуге болатындығын,  салафиттік ағымдардың ерекшелігімен қатар діни басқармадан өтпеген  діни кітаптарды таратуға тосқауыл қойылғандығын,  ауылдық округтердегі учаскелік инспекторлар ел  қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмау қажеттігін  әңгімеледі.
Келелі жиынға қатысқан аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері  тарапынан туындаған сауалдарға жауаптар берілді.

Обновлено 19.06.2014 16:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін111
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада10716
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6623
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258292

Серіктестер