Онлайн газет



Еуразиялық – экономикалық одақ бизнеске үлкен басымдықтарды береді

Н.Жұбандықова 
«Қазақстан – Тараз» телеарнасының Байзақ ауданы бойынша тілшісі.

Еуразиялық – экономикалық одақ бизнеске үлкен басымдықтарды береді деп есептеймін. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ бизнеске үлкен басымдықтарды - ол еңбек күшінің еркін жүруі, мемлекеттік сатып алу жүйесіне рұқсат, тең бәсекелестік, зияткерлік меншік бойынша құқықты қорғау, кедендік баж салығының жоқтығы, жалпыға ортақ техникалық реттеу регламентін береді.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің пайымынша еуразиялық - экономикалық одаққа қатысу Қазақстанға тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Оның үстіне, бұл одақ елімізге тиімді болмақ. Мәселен, Кедендік одақ аясында мемлекетіміздің одаққа мүше елдермен сыртқы тауар айналымы күннен - күнге өсіп келеді.  Демек, Қазақстанның ЕАЭО қатысуы біздің ұлттық мүддеміздің талаптарына сай келеді. Ол өз кезегінде кәсіпорындардың кеңеюіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, отандық тауар өндірушілерге қосымша нарықпен қамтамасыз етуге, қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Осы орайда  аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп бөлімінің басшысы Досмұхамбет Наурызбаев:  «Тауар айналымын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Тұтынушылардың үлкен  нарығы ашылады. Кәсіпорындар арасында бәсекелестік пайда болып, өнімдердің сапасын арттыруға аса мән беріледі. Тұтынушылар сапалы тауарларды қолжетімді бағамен ала алады », - деп интеграцияның оң тұстарын айтып өтті.
Мамандардың айтуынша, бастысы ол еліміздің ішіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақты етеді. Ал, осындай әлемдегі жаһандық қаржылай және экономикалық тұрақсыздық жағдайында бұл ауадай қажет. Айта кетерлік жайт, ол Қазақстанның табысты дамуына негіз бола алады. Алдағы уақытта үш ел арасында алыс – беріс, барыс- келіс мәселелеріне де қолайлы жағдай тумақ.  Азаматтарға тағы бір тиімді жағы - Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдердің жоғарғы оқу орындарының дипломдары бір-біріне жарамды болады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін643
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада643
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7155
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258824

Серіктестер