Онлайн газет



СЕНАТОРЛАР АУДАНЫМЫЗДА

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысының мәслихат депутаттары және жергілікті халықпен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мәселелері және өңірлердің әлеуетін арттыруға ықпал ету бағытында мәслихаттармен бірлескен жұмыстың жаңа басымдықтары талқыланды.
Сапар барысында М.Әшімбаев бастаған сенаторлар Жамбыл облысының дарынды және белсенді жастарымен кездесіп, облыстық әлеуметтік оңалту орталығының жұмысыменде танысты.
Астанадан келген Сенат депутаттары қала іргесіндегі біздің ауданымызға да атбасын бұрды. Олар алдымен Ботамойнақ ауылдық округінің  Байзақ ауылындағы «Мейірім» жекеменшік балабақшасында болды. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында жабдықталған нысан 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде балабақшаға ауылдағы 125 бала барып жүр.
Сенаторлар жақында ғана аудан іргесіндегі Үлгілі ауылынан бой көтерген шыны шыңдайтын зауыттың жұмысыменде танысты. Кәсіпкер Жамалхан Ибрагимов басқаратын зауыттың жобалық құны 1 миллиард теңгені құрайды.  Жылына 100 мың шаршы метр шыны шыңдайтын зауытта 40 адам екі ауысымда жұмыс жасайды.
Сенаторлар ауданымызға келгенде аудан әкімі Олжас Баққараев бастаған аудан басшылары олармен бірге болды.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 08.07.2025 11:34
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1073
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1073
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12820
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990912

Серіктестер