Онлайн газет



СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның дамуын тежейтін, азаматтардың өмір сүру сапасына кері әсер ететін аса өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты елімізде жүзеге асырылып жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясында Байзақ ауданында да бірқатар жүйелі жұмыстар қолға алынған.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру және цифрландыру бағытында ауқымды шаралар атқарылуда. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындар мемлекеттік  қызметтерді ыңғайлы және ашық түрде алуға мүмкіндік алса, мемлекеттік органдармен бетпе-бет байланыс қажеттілігі барынша азайтылды. Мемлекеттік сатып алулар  интернет –порталы арқылы ашық  өткізілуде. Сонымен қатар мемлекетттік қызметшілер мен ұйым басшыларын тағайындауда конкурс рәсімдерінің қатаң сақталуы қамтамасыз етілді. Бұл шаралар өркениетті елдер тәжірибесіне сай келетін тиімді тетіктер саналады және ауданымызда толығымен енгізілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау шараларымен шектелмейді. Мемлекеттік басқару жүйесінде де түбегейлі өзгерістерді талап ететін, жан-жақты алдын алу шаралары жүргізілуде. Басты мақсат-қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңнамалық базаны жетілдіру.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында аудандық ведомствоаралық комиссияның екі отырысы өтіп, онда жеті өзекті мәселе қаралды. Қоғамдық маңызы бар түйткілдер талданып, тиісті шешімдер қабылданды. Осы кезеңде аудан бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық деректері тіркелген жоқ.

Қазақстан  Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2025 жылдың маусым айынан бастап 17 ауылдық округ пен 11 бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Бұл жұмыстар аудан әкімдігінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі тәуекелдерді анықтауға бағытталған.

Адалдық пен заңдылық қағидаттарын ұстанып, әділ қоғам құру – ортақ іс. Кереғар құбылыстың алдын алу мақсатында аудан аумағында 7 ақпараттық баннер орнатылып, тұрғындарға 750-ге жуық жадынама мен инфографика таратылды. Аудандық «Ауыл жаңалығы»- «Сельская новь» газетіне 9 мақала жарияланып, түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта да аудан көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бағытында кешенді шаралар жалғасын табатын болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-қоғам талабы. Жемқорлықсыз таза қоғам қалыптастыру-ортақ міндет. Сондықтан қоғам үшін қауіпті құбылыстың жолын кесу - әр адамның азаматтық борышы.

Олжас Баққараев,

Байзақ ауданының әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1053
mod_vvisit_counterКеше2026
mod_vvisit_counterОсы аптада4749
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда13033
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2940048

Серіктестер