Онлайн газет



АУДАН ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімі Олжас Баққараев аудан әкімдігінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газеті мен аудандық медиа орталығының ұжымын қабылдады.
Қабылдауға аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Р.Қасымов, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Сейтқазина қатысты.
-Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз. Алдымен мерекелеріңіз құтты болсын, жазар жаңалықтарыңыз көп болсын дегім келеді.
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше журналистерді қабылдап, оларды мерекемен құттықтады.
-Сіздер мемлекет саясатын елге түсіндіріп, қоғам мен биліктің арасында көпір болып келесіздер. Елімізде жасалып жатқан реформалардың мән-мағынасын жұртшылыққа жеткізіп жүрсіздер. Бұл  - өте маңызды, күрделі, ерекше жұмыс. Әрбір адамның қолынан келмейді, - деді Президентіміз.
Президентіміз айтқандай журналистерге артылар жұмыс жеңіл емес. Сіздер тарихы терең, айтары мол мекемеде жұмыс жасап келесіздер. Біз сіздермен тығыз байланыста жұмыс жасай беретін боламыз.
Жаңадан ашылған Ақпараттық медиа орталықтың жұмысыда жақсы. Біз олардың жұмысына да сәттілік тілейміз. Алдағы уақытта оқырмандарыңызды шынайы ақпаратпен қамтамасыз ете беріңіздер. Халықты жақсы жаңалықтарыңызбен қуантатын күндеріңіз көп болсын, - деген аудан әкімі Олжас Елебекұлы алдымен «Ауыл жаңалығы» газеті бас редакторының орынбасары Сүндетулла Әбіловке Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатын, сондай-ақ «Ауыл жаңалығы» газеті редакциясы мен Ақпараттық медиа орталығына аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Басқада қызметкерлерге сый-құрмет жасалды.
Кездесуде мереке иелерін аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Ақбаевта құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді.
«Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газеті редакциясы ЖШС-і директоры Бауыржан Жақсымбетов өздеріне жасалған құрмет үшін аудан басшыларына алғыс айтып, аудан өмірі туралы дайындалған альбомды аудан басшысына сыйлады.

Өз тілшіміз.

Обновлено 01.07.2025 13:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1130
mod_vvisit_counterКеше2026
mod_vvisit_counterОсы аптада4826
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда13110
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2940125

Серіктестер