Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАЙ БІЛЕЙІК

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, Табиғат-Анаға қамқорлық таныту,  табиғат ресурстарын ұқыпты пайдаланудың маңызы арта түсуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:“Біз қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек”, - деген болатын.
Табиғатты қорғау, ресурстарды үнемді пайдалану, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті сақтауға әрқайсымыз үлес қосуға тиістіміз. Өйткені соңғы жылдары  атмосфераға көп зиян келтіретін зиянды заттар деңгейі артып, тұрмыстық қатты қалдықтар көптеп шығарылып, су асты қоймаларының ластануы да орын алып жатқаны жасырын емес.
Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жалпыхалықтық сипат алып,  елімізде, соның ішінде ауданымызда ауқымды жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар көктемгі екі айлық аясында да  біраз жұмыстар тындырылды. Атап айтқанда 17 ауылдық округтерде өткізілген сенбіліктер, түрлі форматтағы экологиялық іс-шаралардың нәтижесінде жиналып қалған күл-қоқыстар арнайы орынға шығарылды. Тал-дарақтар егіліп, бағаналар сырланды,  Талас өзені жағалауы мен “Байзақ датқа” кесенесі, “Ауданның 80 жылдығы саябағы”, “Сарыкемер-Тараз” бағытындағы  үлкен көшелер бойына да сенбіліктер ұйымдастырылды. Ендігі жерде сол атқарылған жұмыстарды күнделікті, тұрақты дағдыға айналдыру  керек деп ойлаймын.
Туған жердің тазалығы, оның көркейіп-көгалдануы - ортақ міндет. Өзіміз тұратын үйіміздің, көшеміз бен  ауылымыздың, ауданымыздың көрікті де таза болуы үшін бұл жұмысты жалғастырып отыру, егілген тал-дарақтарды күтімге алу,  үйіміздің төңірегін көгалдандыруға күш салуымыз бәрінен маңызды. Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтарды арнайы қаптарға салып шығару,  жүрген жерімізде тазалықтың сақталуына үлес қосу және тұрғындардан осыны талап ету жолында жұмыс жасауымыз қажет. Бізге ешкім тазалықты жасап бермейді, тазалық бізге ғана керек. Сондықтан әрбір тұрғын өзі тұрған көшесіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, шашылып жатқан қоқыстардан тазартып отырса, жас ұрпақ бойына экологиялық мәдениет пен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыратын болса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл  өз кезегінде аудан орталығы мен елді мекендерде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және жайлы, экологиялық таза ортаны дамытуға септігін тигізеді.

Қалдыкүл ЕРБОЛ,
Сарыкемер ауылының тұрғыны.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1132
mod_vvisit_counterКеше2026
mod_vvisit_counterОсы аптада4828
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда13112
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2940127

Серіктестер