
«Аmanat» партиясы аудандық филиалында филиал төрағасы Индира Спаналиева мереке құрметіне орай «Ауыл жаңалығы» газеті мен Ақпараттық медиа орталығының бір топ қызметкерлерімен кездесті. -Сіздерді алдымен бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Біз аудан абыройын асқақтату жолында бірлесе еңбек етіп келеміз. Журналистер жұмысының ауырлығы, жауаптылығын жақсы білемін. Сіздердің жазғандарыңыз газет бетінде жарияланып, әлеуметтік желіде көрсетіліп жатады. Оны қаншама халық оқиды. Ұлттық медианы- халықтың үні, ал журналистерді жасампаздық жаршысы деуге болады. Алдағы уақытта да тығыз байланыста
жұмыс атқара беретін боламыз. Ауданымыздағы жақсы жаңалықтарды халыққа дер кезінде жеткізе беріңіздер. Қолдарыңыздан қаламдарыңыз түспей, жазар жаңалықтарыңыз көп болсын,- деген Индира Әбілханқызы мерейтой иелеріне өз сыйлығын табыс етті. Марапатталғандар атынан «Ауыл жаңалығы» газеті Бас редакторының орынбасары Сүндетулла Әбілов сөз алып, өздерін арнайы қабылдап, сый-құрмет жасаған «Аmanat» партиясы аудандық филиалы қызметкерлеріне алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Өз тілшіміз. |
Обновлено 01.07.2025 12:56 |