Онлайн газет



БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

М. Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Осы аптаның дүйсенбісі күні Тараз қаласында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалық етуімен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік емес тауарларға бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында мәжіліс болып өткені белгілі.
Облыс басшысының орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының мүшелері, облыс әкімдігі басқармалары мен облыстық мекемелердің басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері (бейнеконференция арқылы) қатысқан мәжілісте негізгі азық-түлік тауарлары мен азық-түлік емес тауарларға бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, тауар өндірушілер мен тауар жеткізуші кәсіпкерлермен түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті халықты атқарушы органдар тарапынан атқарылып жатқан шаралар туралы хабардар етіп отыру міндеті  жүктелген болатын.
Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігінің жанынан негізгі азық-түлік бағаларын тұрақты түрде бақылап отыру мақсатында құрылған штаб мүшелері тұрақты түрде жұмыстар атқарып келеді.  Арнайы құрылған жұмыс тобы аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы сауда орындарын аралады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын байқап, кәсіпкерлердің пікірлерін тыңдап, сауда саласындағы ахуалмен танысты. Штаб мүшелері аудан орталығындағы «Сәбира», «Бегей», «Арзан», «Жан», «Үміт» сауда үйлерінде болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бағаның өсуіне қатысты қандай бір мәселе туындаса шұғыл телефон байланысы арқылы хабарлауға шақырды.
- Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен негізгі тұтыну тауарларының бағасын тұрақты сақтау үшін жұмыстар жүргізілуде. Тұрақтандыру қоры арқылы ауданға арзан өнімдер жеткізуге кедергі жоқ, бұған жергілікті кәсіпкерлер мүдделі болғаны қажет. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі күнделікті мониторинг жасап, жанар май мен азық-түлік бағасын бақылауда ұстауда-дейді, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Д.Наурызбаев.
Сондай-ақ аудандағы дүкендерге азық-түлік тауарлары Тараз қаласының көтерме сауда орындарынан жеткізілсе, қазіргі күнде «Жамбыл Құс» ЖШС-мен аудан дүкендеріне арзан бағамен жұмыртқа сатуды қамтамасыз ету мәселесі бойынша келісім жасалыныпты. Осы келісім нәтижесінде Сарыкемер, Бурыл, Көктал елдімекендеріне дүңгіршек қойылған. Аудандағы негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында «Тараз» сауда-саттық компаниясы арқылы 68 тонна бірінші сортты ұн мен 10 тонна шекер жеңілдетілген бағамен алынып, аудан тұрғындарына таратылған. Сонымен қатар, тауар өндірушілермен тұрақты жүргізілген түсінік жұмыстарының арқасында аудандағы дүкен сөрелерінде нан бағасы 40-45 теңгеден сатылуда.
Редакциядан: Ең бастысы – жергілікті атқарушы билік тарапынан азық-түлік бағасы тұрақты бақылауға алынып отыр. Демек, аудандық әкімдік өңірде әлеуметтік ахуалдың сауығуы, халықтың күнкөрісі жақсаруы жолында барлық мүмкін шараларды қарастыруда.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1875
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада3910
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда44100
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2251486

Серіктестер