Онлайн газет



ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ

Ж.Молдашбаев,
№3 Байзақ колледжінің директоры.


Бас-аяғы 20 тапсырмадан тұратын бұл бағдарламада ұлттық білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуға баса көңіл бөлінген.
Алдағы уақытта білім беру мекемелерін оңтайландыру, іс жүзінде ескірген әдістемелерге негізделген оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар

жасалынбақ. Сонымен қатар, қазақстандық білім беру жүйесінде оқу үдерісінің практикалық жағына және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөліп, ескеру мақсатында теория мен практиканы ұштастыра отырып дуальді кәсіби білім беруді дамыту көзделіп отыр.
Бүгінде ҚР Білім және ғылым министрлігі кәсіптік мамандарды дайындайтын дуальды жүйесін еліміздің 96 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында пайдалануда. Бұл бойынша тәлім алған жастар өз уақытының 70-80 пайызын өндірісте, қалған 20-30 пайызын колледжде білім алуға жұмсайды. Кәсіптік-техникалық маман дайындауда оқытудың дуальді жүйесі дамыған елдер арасында кеңінен танымал. Бұл жүйе – өндірісі өрге домалаған Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Оңтүстік Корея, Швецияда кеңінен қолданысқа ие. Соңғы жылдары оған Қытай мен жедел дамып келе жатқан Азияның бірқатар елдері де қызығушылық танытып отыр.
Дуальді жүйе бойынша білім алып жатқан жастар қазірдің өзінде теориялық білімдерін өндіріспен ұштастырып, жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Сондықтан бұл жүйені біздің елімізде іске асырудың мәні зор. Өйткені қазір елімізде жастарға кәсіптік-техникалық білім беруге маманданған 896 білім ошағы бар. Салыстырмалы түрде айтар болсақ,  солардың 11 пайызы ғана дуальді оқыту жүйесін пайдаланады екен. Сондай білім ошақтарын заман талабына сай жетілдіріп, заманауи басқару жүйесін енгізудің мәні зор.
Кәсіптік-техникалық маман дайындаудың дуальді жүйесінің сәтті іске асуына бизнес, оқушы және мемлекет тікелей мүдделі болуы шарт. Жаңа тәсіл үш бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншіден, колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылады. Екіншіден, әлеуметтік әріптестікті дамыту көзделіп отыр. Үшіншіден, бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін инновациялық технологиялар қолданылады.
Қазіргі заманда жастардың оқу мен еңбекті қатар алып жүруі өте маңызды. Германияда дуальді жүйе бойынша тәлім алып жүрген жастар төрт күн кәсіпорындарда білігін шыңдаса, бір күнін оқуға арнайды екен. Біздің жағдайда бұл схеманы 4-2 тұрғыда қолданбақпыз. Мамандар  даярлауда оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады. Оның мынадай тиімді жақтары бар.
Біріншіден, оқыту өндірістің нақты сұранысына сай жүргізіледі және жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды алады.
Екіншіден, болашақ мамандар өз кәсібін қызығушылықпен оқиды және бітірген соң сол кәсіпорында қалуға ұмтылады.
Үшіншіден, бітірушілерге деген сұраныспен оларды жұмысқа орналастырудың деңгейі жоғарылайды. Бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша әсер етпек.
Өз кезегінде біз де биылғы оқу жылында осы бір жаңа әдісті тәжірибемізге енгізіп отырмыз. Биыл қабылданған «Фермер шаруашылығы» мамандығының бірінші курс оқушылары осы жаңа әдіс бойынша оқуын бастап та кетті. Әр оқушы партада отырып алған білімін колледждің әлеуметтік әріптестері – аудандағы шаруа қожалықтарында практика жүзінде ұштастырып отырады. Мұның тағы бір тиімді тұсы – практикада көбірек болған білімгерлер көп уақытын жұмыс орнында өткізеді, өндірісте әріптестерімен етене араласып, қарым-қатынасқа тез үйренеді.
Оқушылардың білімін, біліктілігін бағалап, қабілет-қарымын анықтайтын жұмыс беруші үшін де қолайлысы – осы болар деймін.
Бүгінгі орайлы сәтті пайдалана отырып, біздің колледж оқушыларының жыл сайын өндірістік практикадан өтуіне көптен-көп көмегін тигізіп отырған бірқатар әлеуметтік серіктестерімізді атап өткім келеді. Байназаров Әзімхан төрағалық ететін «Түймекент-2030» шаруа қожалығы,  Битабаров Бөкенбай басшылығындағы «Достық-99» шаруа қожалығы, Тараз қаласындағы Талас Ахметовтің «Құрылыс құрылымдары» ЖШС-і, «Промхиммонтаж»  АҚ-ның  бас директоры Оразалы Телеуов, «Дизайн Сұлу» ЖШС-нің директоры Қуаныш Ақтоқалов, Сарыкемер ауылындағы «Бағлан» мейрамханасының қожайыны Зәуре Есенқұловамен біздің колледж тығыз байланыста.
Осы аталған кәсіпорындарда біздің оқушыларымыздың өндірістік тәжірибеден өтуіне барлық жағдайлар жасалынған. Оқушыларға дер кезінде тәлімгерлер тағайындалып, олардың колледж қабырғасынан алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып бекітілуіне, заман талабына сай білікті маман болып шығуына барлық мүмкіндіктер қолданылуда. Керек десеңіз, оқушылардың жалақы алып, өз қажетіне жаратуына мүмкіндіктері де бар. Бұл дегеніміз,  колледж қабырғасында берілген әлеуметтік тәрбиенің кәсіпорындарда өмір тәжірибесіне айналуының көп көмегін тигізеді.
Жалпы Елбасының “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламасы қарқынды түрде іске асырылуда.

 

Обновлено 10.10.2012 16:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін485
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада10744
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27374
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279043

Серіктестер