Онлайн газет



Студент жастар-құрылыс алаңында

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Жыл сайын сан мыңдаған студенттер жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдаланып, құрылыс жасақтарында еңбек етеді. Жақында осындай бір топ жас білімгерлер Байзақ өңіріне келіп, өз еріктерімен Мырзатай ауылдық округіндегі Дихан ауылы маңында бой көтеріп жатқан туберкулезге қарсы аурухананың құрылысына қолғабыс көрсетуге ниеттестіктерін білдірді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің заң факультеті деканының орынбасары Асқар Махамбетов, мұнай-газ факультетінің аға кураторы  Тәжен Қанат бастаған студенттік құрылыс отрядының мүшелерін мұнда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов, Мырзатай ауылдық округінің әкімі Н.Абдуалиев және «Жастар орталығының» қызметкерлері қарсы алды. Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов жастар – еліміздің ертеңі екенін ауызға алып, олардың мемлекетіміздің гүлденуіне қосар үлесі зор екендігін атап өтті. Елбасымыз бастаған ел ағалары жас ұрпаққа үлкен сенім артып отырғанын ауызға алған Мырзахан Махамбетұлы ауылдағы аурухананың құрылысына атсалысуға келген жастардың еңбегі жемісті болуына тілектестігін білдірді. Білімгерлердің мұндай игілікті іске араласып жатқаны – оңды екенін айтқан Мырзатай ауылдық округінің әкімі Н.Абдуалиев, «Жастар орталығы» директорының міндетін атқарушы Ә.Құрманалиевтер де жастарға өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.
Мұнан кейін студенттік жасақшылар аталмыш құрылыс нысанының басына келіп, істің мән-жайымен танысты. Мұнда оларға жұмыс жағдайын аурухананың құрылысын жүргізіп жатқан «Темір Строй-Сервис» ЖШС-ің учаске басшысы А.Дабылов түсіндіріп өтті. Жұмыс кестесі, құрылыс ережесі, техникалық қауіпсіздік шаралары жөнінде сөз қозғаған А.Дабылов жас жасақшылардың кедергісіз іс істеуіне мұнда барлық жағдайлар қарастырылатынын, уақытылы ас мәзірі, сондай-ақ  жайлы жатын орын ұсынылатындығына  уәде берді. Ауқымды шараға көмек қолдарын созуға келген жігіттер сол күні-ақ жұмыстарына кірісп кетті.

Обновлено 16.06.2014 10:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін39
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4132
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда39
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2251708

Серіктестер