Онлайн газет



Жастар тәрбиесі-маңызды мәселе

К.Шәмші.
ТарМУ-дің студенті.

Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін меңгеріп алулары уақыт талабы.  ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның —дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі беделді мемлекеттер  қатарынан көрінуіне өз үлесін  қосуды мақсат етіп қоюы әрбір саналы азаматтың парызы деп білеміз.
Аудан аумағында жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын зерделеу, жастар саясаты мәселелерінің  шешу жолдарын  айқындау мақсатында аудан әкімі  аппаратының  мәжіліс залында кезекті тұрақты комиссия отырысы өтті. Комиссия төрайымы   Т.Кадимова мәжілісті ашып, сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселемен таныстырды. Оның қарауына ұсынылған 2013-2014  жылдарға арналған атқарылған жұмыстар, іс-шаралардың орындалу жөнінде округтердегі жастар ұйымдастырушыларының жылдық есебі тыңдалды. Мысалға, алғашқы болып Түймекент ауылдық округі әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі орынбасары Ж.Айтуғанов жылдық есеп берді. Ақпарда айтылған мәселелерді тыңдаған комиссия мүшелері өз ой-пікірлерін,сын-ескертпелерін  айтты. Алғаш болып сөз алған комиссия мүшесі  И.Сәлімбаев ауыл жастарының көшедегі  құқықбұзушылық  әрекеттерінің алдын алу және жастар мен жасөспірімдердің діни теріс ағымға бет алмауын қадағалау, оның  алдын алу мақсатында жанды жұмыстар жасау қажеттілігіне тоқталды.
Ал ұсыныс ретінде  мектеп оқушыларының  бос уақыттарын әртүрлі үйірмелерде тиімді өткізсе екен деген орынды мәселені көтерді. Өз кезегінде Ботамойнақ ауылдық округіне қарасты жастар  орталығының  ұйымдастырушысы  Н.Есіркепов    мектеп оқушыларымен,  мекеме ұжымдарымен   бірлесіп  атқарған   жұмыстары жайлы баяндады.
Аталмыш комиссия  мүшелері А.Исабаев,Ш.Мырзалиевтер күн тәртібіндегі мәселеге қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салса,ұйымдастырушы А.Алимханова ауылдық округтерде жастар саясатын жүзеге асыру жұмыстарына тоқталып, пікірімен бөлісті.
Жиында көтерілген мәселелер сөз жүзінде қалып қоймай, одан оң нәтиже шығару, бұл талқылауға түскен өзекті мәселені алдағы уақытта үнемі бақылауда ұстаудың өте маңызды екендігі баса айтылды.Тұрақты комиссияның мәжілісіне ұсынылған мәселелер бойынша әр округтік ұйымдастырушыларға нақты тапсырмалар жүктеліп,тиісті шешім қабылданды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1296
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада3331
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда43521
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2250907

Серіктестер