Онлайн газет



Аудандық соттан хабарлайды

Өзекті мәселеге арналды

Жақында аудандық сотта «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау туралы»  дөңгелек үстел болып өтті. Оны аудандық соттың судьясы  А. Назарқұлов ашып, аталмыш Кодекстің 467,469,471 және басқа да баптарына енгізілген өзгерістерге , сонымен қатар 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүру қауіпсіздігі туралы» Заңның  кейбір тұстарына тоқталды. Бұдан соң сөз алған  судья С. Умралиев әкімшілік істердің сотқа мерзімі өтіп кеткен соң түсіп жататындығын, сондай-ақ олардың  дұрыс рәсімделмей, тиісті хаттамалардың дұрыс толтырылмайтындығын, аудандық ішкі істер бөлімінен келген әкімшілік істерде іс беттері дұрыс көрсетілмейтіндігін, құжаттардың куәландырмай,  бір-екі сөйлеммен толтырылатындығын  тілге тиек етті. Ал  судья Е. Аққұлиев болса, ӘҚБТК-нің баптарын дұрыс қолданбайтындығын, сонымен қатар сотпен қайтарылған істер сотқа келіп түскен кезде, олардың хаттамасы ғана өзгеретіндігін,  ал судья А. Назарбеков болса,     жол ережесінің қай  пункті бұзылғандығын дұрыс көрсету қажеттігін, көлік құралын қарау хаттамасы болуы қажеттігі жайында айтты.
Дөңгелек үстел соңында айтылған сын-ескертпелер назарға алынды.

Өз тілшіміз

 

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

Қазіргі таңда  не көп көлік көп. Әл-ауқатымыз жақсарғаны соншалық әрбір үйде кемінде екіден, тіпті үштен темір тұлпар бар.
Астымызға мінетін көлігіміз көп болған сайын,  жол қауіпсіздігі ережесін бұзып,   жол көлік оқиғаларына жол беріп жатамыз. Ал масаң күйде көлікті басқаруға етіміз де үйренген секілді.
Жақында аудандық сотта  судья А. Назарқұловтың төрағалығымен, аудандық прокурордың көмекшісі Е. Матжановтың қатысуымен ашық сот мәжілісі өтті. Онда  Бурыл ауылы З. Палуанов көшесі, №6 үйдің тұрғыны,  уақытша жұмыссыз Е. Оразалиевтің  ішімдік ішіп алып көлік жүргізіп, ЭҚБТК-нің 467-ші бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін   жазаға тартылды. Сот аталмыш азаматтың   жол ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік Кодекстің 467-ші бабының 1–ші бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырды.

 

 

Из зала суда

11 июня в районном суде судьёй А.Назаркуловым было рассмотрено административное дело в отношении Ы.Сейсебаева, 1978 года рождения, жителя села Аймантобе Байзакского района.
29 апреля, примерно в 22 часа 10 минут, Ы.Сейсебаев следовал по трассе «Западная Европа – Западный Китай» на автомашине «Фальксваген Гольф». На 435 километре он был остановлен сотрудниками дорожной полиции. Как оказалось Ы.Сейсебаев управлял автомашиной в нетрезвом состоянии.
По заключению медицинского освидетельствования последний находился в состоянии  алкогольного опьянения «лёгкой» степени тяжести.
Судом Ы.Сейсебаев был признан виновным и подвёргнут административному взысканию -  лишению управления транспортным средством сроком на два года.
*              *               *
Житель города Тараз И.Клименко, 1966 года рождения, трижды был осуждён  судебными органами за кражу чужого имущества.
В последний раз в 2011 году  -  к 3 годам 6 месяцам в исправительной колонии строгого режима. 23 апреля 2013 года был переведён в колонию-поселение в селе Кумжота  на не отбытый срок – 1 год 8 месяцев 16 дней.
15 января текущего года, когда ему осталось отбыть 1 месяц 25 дней, в 6 часов утра, он совершил побег. В суде И. Клименко изложил  причину своего поступка: находясь  в поселении он узнал, что его сын привлекается к уголовной ответственности за грабёж и попросил у начальника учреждения предоставить ему краткосрочный отпуск. Однако его просьба не была удовлетворена. Поэтому, в целях встретиться и уговорить потерпевшего написать встречное заявление, он и совершил побег из колонии. Он был задержан через два с половиной месяца в горах близ села  Бурное, где проживал его сын. Всё это время он жил, где придётся, питался на  случайные заработки и пешком следовал в село Бурное.
В итоге он вновь был осужден за побег на 2 года и 6 месяцев лишения свободы, плюс не отбытый срок от прежней  судимости.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2022
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада4057
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда44247
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2251633

Серіктестер