Онлайн газет



“ТІЛ ТУРАЛЫ” ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС

Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органы жұмысшы тобының кезекті отырысы өтті. Оны аталмыш топтың төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов ашып, жүргізіп отырды.
Алқалы жиынға  жұмысшы топ мүшелері, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиында “Қазақстан Республикасы Тіл туралы Заңы талаптарының орындалуы бойынша Сарыкемер, Мырзатай, Сазтерек, Жалғызтөбе, Ынтымақ, Темірбек, Көптерек ауылдық округтеріне қатысты мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарына зерделеудің қорытындысы туралы” аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов баяндады.
Баяндамашы ағымдағы жылдың 3-4 маусым күндері жоғарыда аталған округтерде жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде орын алған кемшіліктердің басым бөлігі қалпына келтірілгендігіне тоқтала келе, Мырзатай ауылында ломбард дүңгіршегі мен тұрмыстық техника сататын дүкеннің жарнама баннері ресми тілде жазылып, заң талаптары бұзылғандығын жеткізді. Сондай-ақ спорт мектебі және дәрігерлік амбулаторияның ресми тілдегі маңдайшасы ілінбегенін атап өтті. Ал Сарыкемер ауылдық округіндегі бірқатар жеке кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттары мен баннерлері ҚР Тіл туралы заң талаптарына сай еместігіне басымдық берді.
-Аудан орталығы - аудан айнасы. Сондықтан мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарында жіберілген қателіктерді алдағы уақытта болдырмас үшін түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Ана тіліміздің абыройы-біздің абыройымыз. “Тіл туралы” заң талаптарына немқұрайлы қарайтындармен жұмысты күшейту,  көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзғандары үшін жауапкершілік жүктелетіндігін, алдағы уақытта ауылдық округ әкімдері кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе отырып, жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер,-деді Рүстем Қалмұхамбетұлы.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі қаралған мәселелер қатысты нақты тапсырмалар беріліп, ұсыныстар назарға алынды.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 13.06.2025 11:19
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1064
mod_vvisit_counterКеше2026
mod_vvisit_counterОсы аптада4760
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда13044
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2940059

Серіктестер