Онлайн газет



АЛАЯҚТЫҚТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ

Құқық тілімен айтқанда, алаяқтық - алдау немесе сенімін теріс пайдалану арқылы мүлікті заңсыз  иемдену. Бұл ретте, жәбірленуші ақшасы мен құндылықтарын, енді оны ешқашан көрмейтінін білместен, алаяқтың қолына өз еркімен береді.
Адам психологиясын жетік түрде білуге негізделген алаяқтық – ең көне қылмыстық кәсіптердің бірі болып табылады. Өкінішке орай, қазіргі уақытта алаяқтық шектен тыс кең етек алды.
Азаматтарымыздың аңғалдығын, сенгіштігін, ашкөздігін пайдалану – алаяқ әрекетінің мотивациясының негізі болып табылады. Әсіресе, алдау арқылы табыс табу негізгі күнкөріс көзіне айналған кәсіби алаяқ үшін өте тиімді.
Соңғы уақытта, телефонға қоңырау шалып, өздерін банктің қорғау қызметінен екендігі туралы айтып, есепшотыңызға хакерлік шабуыл жасалғандығы және ақшалай қаражаттарды дереу өзге есепшотқа аудару қажеттігі туралы өтініш жасау фактілері көбейді.
Егер алаяқтық іске асып, «клиент» ақшалай қаражаттарды айтқан есепшотқа аударса, алаяқтар мәңгілікке жоғалады.
Сонымен қатар, алаяқтардың телефонға қоңырау шалу арқылы өздерін құқық қорғау органы қызметкерлері ретінде таныстырып, іс жүзінде ондай жайт орын алмаса да баласын, ағасын, күйеуін және тағы басқа да туыстарын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша сұрау фактілері жиіледі.
Әлбетте, ең кеңінен таралған алаяқтық ретінде ақшаны қарызға немесе  кәсіппен айналысу үшін алып, кейіннен ізін жоғалту болып табылады.
Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін келесідей кеңес береміз:
1) Қымбат бұйымдарды, автокөліктерді, жылжымайтын мүлікті, бағалы металдардан жасалған өнімдерді алу барысында таныс емес тұлғалардың қызметін қолданбаңыз.
2) Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату жөніндегі келісімдеріңізді міндетті түрде нотариалды куәландыру қажет.
3) Бір айда миллион ұту және табу, мұнай бұрғылаумен байланысты жұмысқа орналастырудан бастап, ұзақ өмір сүру, артық салмақтан айырылудың ғажайып рецепі немесе шет ел тілдерін тез үйрену әдісімен аяқталатын кез келген проблеманы шешіп беруге уәде беретін хабарларға  сенбеңіз.
4) Кез келген адамға көмек көрсетеміз, үйді жөндеуге ақша жинаймыз, мұхит қайраңының ластануын насихаттағаныңыз үшін айыппұл төлеңіз деген желеумен ақшаңызды иемденгісі келетін бейтаныс адамдарды, «өрттен зардап шеккендерді», «босқындарды», «инспекторларды» үйге кіргізбеңіз және оларға сеңбеңіз.
5) Тиімді ұсыныстар мен жоғары пайда туралы кез келген ақпаратты тексеріп, күмән тудыратын ұсыныстарға сенбеңіз және олардан бас тартыңыз.
Алаяқтар үнемі ұрлықтың жаңа және жетілдірілген әдістерін іздеп, онда келесі схеманы пайдаланады:
-Алаяқ сатушылар, қылмыс құрбаны алмайтын тауар үшін ақшалай қаражаттарды аударуды талап ететін интернет өрісіндегі сату туралы жарияланымдар;
-Алаяқ сатып алушылар, банктік карта реквизиттерін немесе ақшалай қаражатты аудару үшін СМС-кодты сұрап, кейіннен банктік есепшоттан ақшалай қаражаттарды жымқыратын сатып алу туралы жарияланымдар;
-Достардан түскен хат, алаяқтар әлеуметтік желіде біреудің парақшасын қолдана отырып, досыңыздың (туысқан) атынан ақша жіберу немесе онда ақша аударамын деген сылтаумен картаңыздың мәліметтерін сұрайды;
-Телефондағы вирустар, алаяқтар телефонға вирус жіберіп, «вирус жұққан сілтемеге» өтуді ұсынып, нәтижесінде телефонға бекітілген банк картасына қол жеткізеді;
Құрметті отандастар! Тиімді ұсыныстар туралы мәліметтерді көргенде эмоцияға берілмеңіз және сеңбеңіз. Ақшалай қаражаттарды аудару жөніндегі кез келген өтініш Сізді ойландыруы қажет. Оңай ақша уәде еткендерге сенбеңіз. Түскен ұсыныстарды мұқият зерделеңіз және тексеріңіз. Күмәнді, оның үстіне заңсыз болуы мүмкін ұсыныстардан алшақ жүріңіз.
Мұқият болып, мүлкіңіз бен қорыңызды өзіңізден басқа ешкімнің жақсырақ қорғай алмайтынын ұмытпаңыз!

Байзақ аудандық прокуратурасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1060
mod_vvisit_counterКеше2026
mod_vvisit_counterОсы аптада4756
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда13040
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2940055

Серіктестер