Онлайн газет



ТІЛ – ТІРЕГІМ, СОҒЫП ТҰРҒАН ЖҮРЕГІМ

Тіл-қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігі белгілі.  Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,-деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Себебі, тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. “Ана тілі -халық боп жасағаннан бері жандүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі”, - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек. Демек, әр халықтың өзінің ана тілі бар.
Тіл-жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол-барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл-атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл-еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде», «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем», «Тіл-асыл ойдың бұлағы», «Тіл- құдірет», «Тіл - тәуелсіздік тұғыры», «Тіл-ұлттың жандүниесі» дегендей, тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша.
Тіл-ұлттың жандүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап, босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы-ана сүті мен санасына дарыған ана тілі ғана. Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. «Тәрбие басы-тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузынан түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталып қалған.
Қорыта келгенде, тіл тағдыры - ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Ақын-жазушыларымыз жырлаған тіл-қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек!

Өмірбек Смайл,
аудандық соттың жетекші маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1137
mod_vvisit_counterКеше2026
mod_vvisit_counterОсы аптада4833
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда13117
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2940132

Серіктестер