Онлайн газет



МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ – УАҚЫТ КҮТТІРМЕЙТІН МӘСЕЛЕ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Биылғы жаңбырсыз жаз байзақтық дихандарды берекесімен қуанта алмай отыр. Аудан аумағының барлығында егін шығымы төменгі деңгейде. Малға құнарлы азық ретінде пайдаланатын концентраттық азықтардың аздығы, ауданның мал өсірумен шұғылданатын шаруашылық құрылымдарына да, бірлі-екілі

малымен күнелтіп отырған ауыл тұрғындарына да, шөпті молынан дайындауға мәжбүрлеп отыр.
Мамыр айының соңын ала басталған мал азығын дайындау науқаны қазіргі таңда белең алуда. Шабуға жарамды қырдың, өзен жиегіндегі шалғыға шалынатын жерлер шабылып, мал қыстағына тасымалданып жатыр.
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің үстіміздегі жылдың тоғызыншы маусымына берген мәліметі бойынша, ауылдар мен ауылдық округтерде алдыңғы мал қыстағына дайындалатын, яғни шабуға белгіленгені 34 687 гектар аумақ болса, оның 16 700 гектарын көп жылдық шөп құрап отыр.  Мәліметке көз жүгіртсек, қазіргі күнге нақты шабылғаны 3 845 гектардан 11 888 тонна пішен шабылып, жоспар 11 пайызға орындалыпты. Бұл көрсеткіш мал азығын дайындау науқанының бастамасы екенін ескерсек, тоғай шөбін емес, қырдың көдесі мен сабанды мал азығына пайдаланатын қырдағы ауылдарымыз, қыстан қымтырылмай шығатынына сенуге болатын сыңайлы. Олай дейтініміз, олардың түгелі дерлік шөп дайындау барысында әркім өзінің мал басына қарай шөп дайындайды, осы тұрғыдан алғанда қыстан төрт түлік тұяғы шетінемей шығарына үміттеміз.

 

Обновлено 16.06.2014 10:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін23
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1212
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40213
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247599

Серіктестер