Жыл басынан бері Байзақ ауданының аумағында 3 автокөліктің өртену оқиғасы орын алды. Автокөліктегі өрттің негізгі себептері-жанармай жүйелерінің немесе борттық электр жүйесінің электр жабдықтарының ақауларынан туындайды. Автокөліктердегі өрт тұрақ, қозғалыс кезінде немесе көлікті жоюға бағытталған қасақана әрекеттер нәтижесінде болып жатады. Мұның бәрі автомобильде көптеген жанғыш материалдар мен ықтимал өрт көздері болғандықтан және өрттің пайда болу ықтималдығы әрқашан бар екендігін естен шығармаған абзал. Автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында
техникалық тексеру жүргізген кезде, мемлекеттік өрт бақылау бөлімі келесі мәселелерге аса назар аударуды ұсынады: • қуат көзі жүйесінің герметивті жалғануы; • электр сымының кузов элементтері мен аспап қалқанына берік жалғануы; • қосымша электр құрылғыларының, электрлік оталдыру шығырының, тұманға қарсы шамдарының, қосымша сигналдардың және тағы басқада дұрыс орнатылуы; • ақаусыз өрт сөндіру құралының болуы өте маңызды. Автокөліктердің өртенуінен сақтану үшін, алдымен көліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған жөн. Алғашқы өрт сөндіру жабдықтарын қолдана білу қажет және оны дұрыс күйде ұстап, өртке қатысты қауіпті жағдайларда автокөлікке, оның механизмдеріне отты қолдану кезінде абай болу керек. Автокөліктер өрт сөндіру құралдарымен міндетті түрде талапқа сай жабдықталып, керек кезінде дұрыс пайдаланып, өрттің әрі қарай өршуіне жол бермеу керек. Автотұрақ бөлмелерінде (гараждарда) мыналарға: • жанар-жағар май багінен, жанар-жағар май өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді тұрғызуға; • электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға; • автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағар май құюға; • бөлшектерді тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтармен жууға; • жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға жол бермеу керек. Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефонына хабарласып, мекенжайын толық айтуы тиіс.
Медет ТАУКЕБАЕВ, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері. |