Онлайн газет



ОБЛЫС ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтарды жеке қабылдады. Бұл жолы қабылдауға Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарынан 22 тұрғын жазылып, өз өтініш тілектерін жеткізді.
Қабылдау барысында азаматтар білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрландыру, ветеринария, экология және жеке мәселелері бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Барлық өтініштер облыс әкімі тарапынан мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап берілді. Сонымен қатар қабылдауға қатысқан Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары әрбір мәселе бойынша түсініктеме берді.
Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға тұрғындар көтерген өзекті мәселелерді жан-жақты зерттеп, нақты шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2212
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2212
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57157
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700425

Серіктестер